×

"Недеген әулие екендеріңізді білмеймін": Толықбай министр Ажар Ғиниятты қысымға алды

Депутат Мақсат Толықбай Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиниятқа халықтың МӘМС жүйесіне деген базынасын жеткізіді

"Недеген әулие екендеріңізді білмеймін": Толықбай министр Ажар Ғиниятты қысымға алды
Qaz365.kz коллажы

Депутат Мақсат Толықбай бүгін Мәжілістегі үкімет сағатында Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиниятқа халықтың МӘМС жүйесіне деген базынасын жеткізіді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

«МӘМС жүйесіне ел неге наразы? Неге дер кезінде көмек алмай, ауруы асқынып өмірден өтіп кетіп жатыр? Мысал арқылы келтірейін, түнімен жүрегің ауырды. Ауруханаға барасың, сені кардиолог протокол бойынша бірден қабылдамайды. Терапевт «УЗИ не ЭКГ-ден» өт деп жолдамамен жібереді. Оны бір апта күтесің, кардиологтың кезегін екі апта күтесің. Алайда ақшаң болса жақсы, жекеменшік емханадан ем аласың, болмаса инфаркт, инсульт алып, қаншама адам өмірден өтіп кетіп жатыр. Ауруханалар бекітілген жоспар бойынша адамдар қабылдайтынын айтады»,- дейді Мақсат Толықбай.

Ол шұғыл ота жасайтын орталық емханаларға қаржыландыру уақытында түсуі керек. Оны көбейту қажет деп отыр.

«Біз күніне қанша адам жол-көлік апатына түсетінін білмейміз ғой? Бір адам жол-көлік оқиғасына түсті, аяғы, қолы сынып, бас-ми жарақатын алды делік. Бірақ сақтандыру бір сүйекке ғана ақша төлейді. Қалған ақшаны өз қалтасынан шығарады. Сөйтіп қазір ауруханалардың кредиттік берешегі миллиардтан асып кетіп жатыр. «Шектік» шкаланы қай данышпан ойлап тапқанын білмеймін. Мен өз-өзіме болжам жасай алмаймын. Қан қысымым үш күннен кейін әлде төрт күннен кейін көтеріле ме? Ішім бір аптадан кейін өте ме? Сіздер қанша адам ем алуы керегін, қанша апат болатынын, бір аптадан кейін қанша адам ауыратынын, бір айдан кейін қанша адам ауыратынын болжап отыратын не деген әулие екендеріңізді білмеймін, - дейді депутат.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора
Qaz365.kz редакциясы

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Бағдат Мусин қызметінен босатылды
30.04.2024ж. 19:02

Бағдат Мусин қызметінен босатылды

Ол бұл қызметті төрт жылға жуық атқарды
Көлік құралдарына салынатын салық ставкалары төмендетілуі мүмкін
Тиісті бұйрық Ақорда сайтында жарияланды

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →