×

Қазақстан Палестинаға гуманитарлық көмек ретінде 1 млн доллар жіберді

Қазақстан Үкіметі бөлген қаржы БҰҰ Таяу Шығыс агенттігіне аударылды

Қазақстан Палестинаға гуманитарлық көмек ретінде 1 млн доллар жіберді
orda.kz

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша еліміз Палестина халқына гуманитарлық көмек жіберді. Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров мәлім етті, деп хабарлайды Qaz365.kz.

«Газа секторындағы жағдайды ескере отырып, Қазақстан Палестина халқына 1 млн АҚШ доллары көлемінде гуманитарлық көмек көрсетуге шешім қабылдады. Бұл шешімді ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымының саммитінде айтты. Қазақстан Үкіметі бөлген қаржы БҰҰ Таяу Шығыс агенттігіне аударылды», – деді Айбек Смадияров министрлікте өткен баспасөз мәслихатында.

СІМ ресми өкілі мәлімдегендей, гуманитарлық қызмет – Қазақстанның сыртқы саясатының маңызды бағыты.

«Бейбіт саясат пен әділдік қағидатын ұстанатын Қазақстан әрқашан төтенше жағдайға тап болған мемлекеттерге қолдау көрсетуге ұмтылады», – деп толықтырды А. Смадияров.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора
Qaz365.kz редакциясы

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Семейдің жылумен жабдықталуы Үкімет назарында
Кеше, 18:26

Семейдің жылумен жабдықталуы Үкімет назарында

Қазіргі күнде ЖЭО-1 нысанындағы жөндеу жұмыстары қалыпты жүріп жатыр деуге болады
Мемлекеттік орман күзеті қызметкерлерінің жалақысы 100%-ға көтерілді
Ғылым академиясында тамыз-қыркүйекте сайлаудың жаңа циклы өтеді

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →