×

Қазақстан мен Ресей арасындағы өзара тауар айналымы 27 млрд долларға жетті

Қазақстанда жұмыс істейтін шетелдік қатысуы бар 42 мыңнан астам кәсіпорынның жартысына жуығын, 19 мыңын ресейлік компаниялар құрап отыр

Қазақстан мен Ресей арасындағы өзара тауар айналымы 27 млрд долларға жетті
Kazinform

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей Президенті Владимир Путин Қостанайда өтіп жатқан Қазақстан мен Ресейдің XIX Өңіраралық ынтымақтастық форумына бейнебайланыс режимінде қатысуда, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі Kazinform агенттігіне сілтеме жасап.

«Осынау алаң 20 жылдың ішінде өзінің қажеттілігі мен тиімділігін көрсетіп, Қазақстан мен Ресей арасындағы өзара тиімді стратегиялық серіктестікті нығайтуға үлкен үлес қосып келеді. Жалпы, біздің сауда-экономикалық, инвестициялық саладағы, өнеркәсіптік кооперациядағы өзара іс-қимылымыз жылдан-жылға тұрақты өсуді көрсетіп отыр. Мәселен, екіжақты тауар айналымы бүгінде 27 млрд долларға жетті. Бұл – рекордтық көрсеткіш», – деді Қазақстан Президенті.

Мемлекет басшысының дерегінше, Ресейден Қазақстанға тікелей инвестиция көлемі 20 миллиард доллардан асты. Қазақстанда жұмыс істейтін шетелдік қатысуы бар 42 мыңнан астам кәсіпорынның жартысына жуығы, яғни 19 мыңын ресейлік компаниялар құрап отыр.

«Біз экономиканың барлық салаларында – өнеркәсіпте, ауылшаруашылығында, көлікте, инфрақұрылымда өзара іс-қимыл жасаймыз. Энергетика саласындағы ынтымақтастықтың өсіп келе жатқан деңгейін атап өткім келеді. Ресей газының Қазақстан аумағы арқылы Өзбекстанға транзитінің жақында іске қосылуы маңызды оқиға болды. Бұл жоба Орталық Азиядағы өңірлік тұрақтылық пен энергетикалық қауіпсіздікті нығайтуда шешуші рөл атқарады», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора
Qaz365 редакциясы

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Желідегі жұрттың көзайымына айналған депутаттар «Адал Тұлға» сыйлығын жеңіп алды
09.12.2023ж. 22:49

Желідегі жұрттың көзайымына айналған депутаттар «Адал Тұлға» сыйлығын жеңіп алды

Бүгін Астанада соған орай «Адал Тұлға» IX ұлттық сыйлығын табыстау рәсімі өтті
Жолаушылар қозғалтқыштардан ақау шыққан деп болжайды
Шешім бірауыздан қабылданып, оған 162 сенатор дауыс берді
Белгілі саясаттанушы бірқатар Мәжіліс депутаттарының жұмысына пікір білдірді

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →