×

"Жаңа Қазақстанның жеңісі": Әміржан Қосанов  «Масс-медиа туралы» заңның атауын өзгертуді ұсынды

Бұл туралы XV «Media Құрылтай 2023» салалық конференциясында қоғам қайраткері, журналист Әміржан Қосанов айтты

"Жаңа Қазақстанның жеңісі": Әміржан Қосанов  «Масс-медиа туралы» заңның атауын өзгертуді ұсынды
Ашық дереккөзден

Жаңадан дайындалған «Масс-медиа туралы» заңның атауын ауыстыру керек. Бұл туралы XV «Media Құрылтай 2023» салалық конференциясында қоғам қайраткері, журналист Әміржан Қосанов айтты, деп хабарлайды Qaz365.kz.

«Қоғамда екі позиция қалыптасты. Тәуелсіз басылымдарды ата жау көргендіктен, сотқа беріп, жауып тастауға ынталы болған «Ескі Қазақстан» мен төрде отырған Парламенттің қазіргі депутаттары мен министрлерінен құралған «Жаңа Қазақстан» арасында текетірес бар деген сөзімді, Айдос (депутат Сарым), қайтып алдым», – дейді Әміржан Қосанов.

Ол Алматы сияқты қайнап тұрған, тәуелсіз, ешкімнен тайсалмай сөз сөйлейтін азаматтардың алдына министрлік өкілдері мен депутаттардың келуі Жаңа Қазақстанның жеңісі деп отыр.

«Меңінше, бұл заң қызық жағдайда қалыптасып отыр. Біріншісі ескі тәртіпте болса, екіншісі – 30 жыл бойы бір адамға табынған жүйеден құтылған еркіндікті, азаттықты аңсаған, Президент немесе Премьер-министрдің емес, қоғамның шындығын айта алатын, халықтың дауысын жеткізе алу. Сөз бостандығы дегенді 30 жыл айта алмай келдік. Сондықтан заңның атын «Масс-медиа» деп емес, «ҚР сөз бостандығы туралы» Заңы деп атағанымыз жөн болар», – дейді саясаткер.

Оның айтуынша, бұлай аталса, журналистерге идеологиялық, морольдік күш береді. 

«Енді баптарға келейік, 5-бапта тіл деген бар. Мемлекеттік тілдегі телерадиолардың апталық таралуы басқа тілдегі телерадиодан кем болмауы тиіс делінген. Сонда қазақ тіліндегі хабарлар басқаларымен бірдей таратылса болды ма? Неге олардан басым болмайды? Заңның 6-бабына қарасам, Үкімет екі міндетпен ғана айналысатындай көрінеді. Кейде ақпарат саласындағы мемлекеттік саясатты жүргізуде ведомствоаралық келіспеушіліктер болады. Үкімет соны үйлестіріп тұру керек», – дейді Әміржан Қосанов.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Ол еңбек жолын 2005 жылы Өскемен қаласының ішкі саясат бөлімінде бастаған
Жаңа тұрғын үй құрылысы жыл сайын ұлғайып келеді
Омбудсмендер институты –  күрделі мәселелерді шешетін тәуелсіз орган

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →