×

"Мәжіліс таратылады": алматылықтардың сүйікті депутаты кім

VII шақырылымдағы Парламент мәжілісі мерзімінен бұрын таратылады

"Мәжіліс таратылады": алматылықтардың сүйікті депутаты кім
qaz365.kz

Парламент Мәжілісінің қазіргі құрамы 16 қаңтарда таратылуы мүмкін, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Қазіргі депутаттардың жұмысына алматылықтардың көңілі тола ма? Олардың сүйікті депутаты кім? Qaz365.kz тілшісі қала тұрғындарынан сұрап көрдік.

Сауалнама қатысқан тұрғындар депутаттардың атын атай алмады, сондай-ақ олардың жұмысына көңілі толмайтынын айтады. Олардың көбі халыққа ең жас депутат ретінде танылған сМәди Ахметовтің білетінін айтты. 

“Депутаттардың жұмысы қанағаттанарлық емес. Ең жас депутат Мәди Ахметовті танимын. Оны үздік деп айта алмаймын, көп сынға алынғаны үшін ғана танимын” – дейді Жанқожа.

“Олар жұмыстарының нәтижесін көрсеткен жоқ. Теледидарда, сессияларда айтатындарын айтады, іс жүзінде атқарғаны шамалы” – деп пікірін айтты Дәурен.

Алматылықтардың арасында жаңа депутаттар сайланса да, елімізде ештеңе өзгермейді деп санайтындар да бар.

“Ештеңе өзгермейді ғой. Сол баяғы саясат. Жаңа Қазақстан дегенмен, отырған кісілердің бәрі ескі Қазақстанның адамдары. Жақсы депутаттар бізде ілуде бір. Сондай деп Қазыбек Исаны айтсақ болады” – деп санайды Сәуле.

Ал кейбір қала тұрғындары қазіргі депутаттарға қарағанда бұрынғы депутаттардың жақсы жұмыс атқарғанын атап өтті. 

“Бұрынғы депутаттардай қазір депутат жоқ. Бұрындары Айталы Амангелді секілді ұлтқа жаны ашитын депутаттар болды. Қазіргі депутаттарды білмеймін” – деген пікірде Жұмат есімді тұрғын.

“Депутаттар қазақтың мүддесіне жұмыс істеуі қажет. Халық соны күтеді. Баяғы Ғани Мұратбаев секілді қайраткерлер керек. Қазақ халқы қазір соған зәру болып тұр. Қайраткерлер жоқ деп құр шөппен ауыз сыпыруға болмайды. Бар. Бірақ олар көбейіп, бірігіп, халықтың өтінішін жеткізсе, нәтиже береді”, – дейді Құрманбек есімді қала тұрғыны.

 

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Жалған статистика: Миллиондаған тонна көкөніс, сүт, астық бәрі жоқ – Серік Егізбаев
31.03.2025ж. 10:48

Жалған статистика: Миллиондаған тонна көкөніс, сүт, астық бәрі жоқ – Серік Егізбаев

Құжатта 20 тонна ғана бар картопты, 2000 тонна деп жазып жіберіп отырған
Қазіргі заманғы қарулы қақтығыстар адам шығыны болмайтын, бірақ тиімділігі жоғары техникалардың алдыңғы қатарға шығуымен ерекшеленеді
Тараптар өңіраралық ынтымақтастықты дамыту мәселелерін талқылады

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →