×

Тоқаев Назарбаевтың кітабы туралы сұраққа жауап берді

Тоқаев Назарбаевтың мемуары жайлы не ойлайтынын айтты

Тоқаев Назарбаевтың кітабы туралы сұраққа жауап берді
Фото: akorda.kz

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа Нұрсұлтан Назарбаевтың кітабы туралы сұраққа жауап берді. Президет «Egemen Qazaqstan» газетіне көлемді сұхбат берді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

«Тұңғыш Президенттің мемуары қоғамда қызу талқыланды. Сіз де ол кітапты оқыған шығарсыз. Көптеген шешім мен оқиғаға тікелей куә болған адам ретінде қандай әсер алдыңыз? Өзіңіздің мемуар жазатын ойыңыз бар ма?» – деп сұрақ қойылды Мемлекет басшысына.

«Бұл кітап тәуелсіз мемлекет құру ісінің жылнамасы ретінде оқырман қызығушылығын туғызады деп ойлаймын. Кезінде бір айтқыш «Мемуарда шындықтың жартысы айтылса да, ол тарихи оқиғалардың ауқымын бағамдауға жеткілікті» деген екен.

Нұрсұлтан Назарбаев – бірнеше дәуірге куә болған тарихи тұлға. Ол өз мансабын комсомол белсендісі ретінде Хрущев заманында бастап, арада алпыс жылдан астам уақыт өткеннен кейін қызметтен кетті. Қазақстанның тәуелсіз мемлекет болып қалыптасуына қосқан үлесін бәрі біледі. Ол – әділ тарихи бағасын алуға лайық адам.

Мен мемуарларды, публицистикалық шығармаларды, саяси очерктерді әрдайым ыждағатпен оқимын. Ал сұраққа келсек, мен үшін қазіргі кезең мемуар жазып отыратын уақыт емес», – деп жауап берді Президент.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Конституция қоғамның ортақ құндылықтары мен жауапкершілігін айқындайды – Аида Балаева
Бүгін, 18:12

Конституция қоғамның ортақ құндылықтары мен жауапкершілігін айқындайды – Аида Балаева

Жаңа Конституция жобасында мәдениет, шығармашылық, ғылым мен білімді дамытуға ерекше мән берілген
Жаңа Конституция жобасының мазмұндық әрі идеялық өзегі преамбулада айқын көрініс тапқан  
Ұсынылып отырған өзгерістер елдің ұзақ мерзімді дамуына бағдарланған

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →