×

Талдықорған әкімінің көлігі жалған нөмірмен жүргеніне жүргізушісі кінәлі болып шықты

Полицейлер көлікті тоқтатқанда ішінде әкім болмаған

Талдықорған әкімінің көлігі жалған нөмірмен жүргеніне жүргізушісі кінәлі болып шықты
Фото: ашық дереккөзден

3 қаңтарда сағат 05:00 шамасында Талдықорған полицейлері қалалық әкімдікке тиесілі көліктің жалған мемлекеттік нөмірмен жүргенін анықтаған, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Облыс әкімдігінің мәліметінше, жүргізуші мемлекеттік нөмірі тіркелмеген көлікті өз бетінше пайдаланған. Оны тоқтатқан уақытта ішінде Талдықорған қаласының әкімі Е.Д. Василий болмаған.

«Аталмыш факті бойынша Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 590-бабы 4-бөлігі («Көлікті пайдалану ережелерін бұзу») бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, Р.Б. Абданиев 5 тәулікке әкімшілік қамаққа алынды. Сондай-ақ ол 1 жылға көлік құралдарын басқару құқығынан айырылды», – делінген хабарламада.

Жүргізушінің жазасы 9 қаңтарда аяқталады. Жазасын өтегеннен кейін Абданиев жұмыстан шығарылады.

Сондай-ақ «ҚР әкімінің аппараты» ММ «Шаруашылық басқармасы» КММ автопаркінің басшысына жол құжатынсыз көлікті шығару фактісі бойынша әкімшілік хаттама толтырылғаны хабарланды. Д.А. Молдабаевқа 10 АЕК, яғни 36 920 теңге айыппұл салынды.

«Ұқсас және басқа да заңбұзушылықтардың алдын алу мақсатында автопарк қызметкерлерімен профилактикалық әңгіме жүргізілді», – делінген әкімдік хабарламасында.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
ҚТЖ-ға Даниал Ахметовтің күйеу баласын төраға етіп қоймады
Бүгін, 11:39

ҚТЖ-ға Даниал Ахметовтің күйеу баласын төраға етіп қоймады

Талғат Алдыбергеновтің теміржол саласында 35 жылдан астам еңбек өтілі бар.
Адам капиталын арттыруды ынталандыру қажеттігіне назар аударды.
Бұл тыйым заңда көзделген ерекше жағдайлардан басқа барлық жағдайларға қолданылады.
Президент Тоқаев тиісті заңға қол қойды

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →