×

Назарбаев «осындайлар бізді тыңдайды» деп отыратын – Шабдарбаев діни ағымдар жайлы

Амангелді Шабдарбаев сұхбат берді

Назарбаев «осындайлар бізді тыңдайды» деп отыратын – Шабдарбаев діни ағымдар жайлы
Фото: ашық дереккөзден

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің экс-төрағасы, генерал-лейтенант Амангелді Шабдарбаев «TalkLike» ютуб арнасына берген сұхбатында Нұрсұлтан Назарбаевтың әртүрлі діни ағымдарға көзқарасы туралы ойын айтты, деп хабарлайды Qaz365.kz

«Әртүрлі ағым болды. Сіз ҰҚК төрағасы болып тұрған кезде бірнешеуін әшкереледіңіз. Олардың басшыларын түрмеге тоғыттыңыз. Ел арасында «Нұрсұлтан Әбішұлы жалпы осындай діни ағымдардың Қазақстанда жүруін өзі іштей қалады, себебі мемлекетті басқарғанға діни ағымдардың жақсы бір ықпалы болды» деген мысалдар айтылады. Бұл қаншалықты ақиқатқа, шындыққа жақын?» – деп сұрайды журналист Аман Тасыған Амангелді Шабдарбаевтан.

Бұл сұраққа берген жауабын Амангелді Шабдарбаев Нұрсұлтан Назарбаевтың немере інісі Қайрат Сатыбалдының қамалғанынан бастайды.

«Бекболат Тілеуханды да айтып жатыр. Олар сол дін ішінде соларменен қарым-қатынастары жақсы болып, соларға көмектесіп, мешіттер салып, сол бағытта жұмыс істеді. Нұрсұлтан Назарбаев та «осындайларды ұстауымыз керек, ертең дауыс бергенде де бізді тыңдайды, бірдеңе болып қалса, бізге көмектеседі» деп айтып отыратын. Бұл кісі кішкене «жоқ, болмайды» деп айтып тастамады, «көр, қара» деп отырды. Қазір Сатыбалдының қамалған себебі, меніңше, Қаңтарға қатынасы бар. Осының қателігі деп ойлаймын. Осылай адамдарды кіргізем деп айтуы да мүмкін», – дейді Амангелді Шабдарбаев.

Осы істе Шабдарбаев ішіндегі «ең тазасы Самат Әбіш» екенін айтады.

«Анау жолы Саматты жақтап та айтып тастадым ғой. Ол туралы сұрақ қоймай-ақ та қой. Білуін білді. Бұйрық беріп, Самат килігіп істемеді», – дейді ол.

Амангелді Шабдарбаевтың айтуынша, «Назарбаевтың өзі Қайратты да, Саматты да билікке келтірмес еді».

«Билікті ұстап қалу оңай емес. Сондықтан, дұрыс таңдады ма деген сұраққа – иә, дұрыс таңдады (Назарбаев өзінен кейін президенттікті Тоқаевқа беруі жайлы), – дейді Шабдарбаев.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора
Qaz365.kz редакциясы

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
«Ақырын жүріп, анық бас» саясаты: Өзбекстан ЕАЭО-ға енетін алтыншы мемлекет бола ма
Кеше, 11:30

«Ақырын жүріп, анық бас» саясаты: Өзбекстан ЕАЭО-ға енетін алтыншы мемлекет бола ма

Өзбекстанда Ресей капиталдың қатысуымен үш мыңнан астам кәсіпорын жұмыс істейді
Ертең Қазақстан астанасында ШЫҰ елдері қорғаныс министрлерінің кездесуі өтеді
Тіл – көптеген мемлекет үшін өзекті мәселенің бірі
Оның өзге әріптестері бұл пікірмен келіспейді

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →