×

«Не құдалармен де, басқаларымен де байланысы жоқ»: Назарбаевтың бірінші әйелі Сара Алпысқызының қазіргі жағдайы туралы айтылды

Шабдарбаев Сара Назарбаева мен экс-президенттің қарым-қатынасы жайлы айтты

«Не құдалармен де, басқаларымен де байланысы жоқ»: Назарбаевтың бірінші әйелі Сара Алпысқызының қазіргі жағдайы туралы айтылды
Фото: ашық дереккөзден

Дінмұхамед Қонаев және Нұрсұлтан Назарбаевтың да жеке күзетінің бастығы болған, бір кездері Ұлттық қауіпсіздік комитетін басқарған Амангелді Шабдарбаев қос лидердің жұбайлары туралы айтты, деп хабарлайды Qaz365.kz

«Нұрсұлтан Назарбаевтың бірінші жары Сара Алпысқызы тіке айтатын. Басқа әйелдері пайда болған кезде екеуінің арасы қатты суып кетті. Сара Алпысқызы – қарапайым адам. Димаш Ахметұлының (Қонаев – ред) әйелі өте білімді болған. Ол Құдайға сенетін, кішкентай Құраны бар еді.  Өмірі дауысын көтеріп сөйлегенін байқамадым, еркелейтін. Димаш Ахметұлы оны еркелететін, екеуінің арасында бала болмады ғой. Ал Сара Алпысқызы Нұрсұлтан Әбішұлының саяси шешімдеріне араласпады. Назарбаев та онымен санаспайтын. Ол кісі тірі. Не құдалармен де, басқаларымен де байланысы жоқ», – дейді Амангелді Шабдарбаев TALK LIKE YouTube-арнасына берген сұхбатында.


Отставкадағы генерал Сара Назарбаеваның қазір араласатын жақын таныстары да жоқ деп отыр. 

«Өзі сондай адам. Өзімен-өзі. Ұнамаса айтады. Сара Алпысқызы мені кейін жек көріп кетті. Мен Рахат Әлиевке тиістім ғой. Дариға екеуі мені Сара Алпысқызына қарсы қойды», – деді ол.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
ҚТЖ-ға Даниал Ахметовтің күйеу баласын төраға етіп қоймады
Бүгін, 11:39

ҚТЖ-ға Даниал Ахметовтің күйеу баласын төраға етіп қоймады

Талғат Алдыбергеновтің теміржол саласында 35 жылдан астам еңбек өтілі бар.
Адам капиталын арттыруды ынталандыру қажеттігіне назар аударды.
Бұл тыйым заңда көзделген ерекше жағдайлардан басқа барлық жағдайларға қолданылады.
Президент Тоқаев тиісті заңға қол қойды

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →