×

Қазақстан 430 әскери қызметшісін шетелге жіберетін болды

БҰҰ бітімгершілік миссиялары

Қазақстан 430 әскери қызметшісін шетелге жіберетін болды
Фото: ашық дереккөзден

Қазақстан 430 әскери қызметшіні БҰҰ бітімгершілік миссияларына жібереді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың БҰҰ миссияларына қатысу үшін Қазақстан Қарулы күштерінің бітімгерлік контингентін жіберу туралы ұсынысы Парламент палаталарының бірлескен отырысында қаралды.

Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов 2014 жылдан бастап Қазақстанның 67 офицері БҰҰ-ның Батыс Сахарадағы, Кот-д’Ивуардағы, Малидегі, Орталық Африка Республикасындағы және Ливандағы миссияларына әскери байқаушы және штабтық офицер ретінде қатысқанын атап өтті. 2018 жылдан бастап Қазақстан 538 әскери қызметшісі бітімгершілік бөлімше құрамында «БҰҰ-ның Ливандағы уақытша күштері» миссиясына қатысқан.

«БҰҰ-ның бітімгершілік қызметі аясында Қазақстанның позициясын бекіту мақсатында БҰҰ Жарғысының VII тарауы аясында («Бейбітшілікке төнетін қатерге, бейбітшілікті және агрессия актілерін бұзуға қатысты іс-қимыл») Қазақстан Қарулы күштерінің БҰҰ-ның Таяу Шығыстағы, Оңтүстік Судан Республикасындағы және Абьейдегі бітімгершілік миссияларына қатысу географиясын біртіндеп кеңейтуді орынды деп санаймын және жалғастыруды ұсынамын»,– деді Руслан Жақсылықов.

* 1)    «БҰҰ-ның Голан биіктіктеріндегі бөлуді байқау күштеріне» (UNDOF, Сирия – Израиль);
* 2)    «БҰҰ-ның бітімге келу шарттарының орындалуын байқау жөніндегі органына» (UNTSO, Палестина – Израиль);
* 3)    «БҰҰ-ның Оңтүстік Судан Республикасындағы миссиясына» (UNMISS, Оңтүстік Судан);
* 4)    «БҰҰ-ның Абьейдегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі уақытша күштеріне» (UNISFA, Судан) қатысу үшін Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің саны 430 адамға дейінгі бітімгершілік контингентін (резервтегі рота, штаб офицерлері, әскери байқаушылар және мамандандырылған бөлімшелер) жіберу жөнінде ұсыныс енгізілген.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора
Qaz365.kz редакциясы

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Бағдат Мусин қызметінен босатылды
30.04.2024ж. 19:02

Бағдат Мусин қызметінен босатылды

Ол бұл қызметті төрт жылға жуық атқарды
Көлік құралдарына салынатын салық ставкалары төмендетілуі мүмкін
Тиісті бұйрық Ақорда сайтында жарияланды

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →