×

Кеткен депутаттың орнында резервте Нұрлан Қоянбаев тұр

Динара Шүкіжанованың өз ұсыныстары болуы мүмкін

Кеткен депутаттың орнында резервте Нұрлан Қоянбаев тұр
Фото: t.me / ptrkkz

Бүгін Мәжіліс депутаты Динара Шүкіжанованың өкілеттігі тоқтаған еді. Ол Respublica партиясынан тізім бойынша өткен. Енді ол орынға осы партиядан кандидат болғандардың біреуі барады. Тізімде әзілкеш Нұрлан Қоянбаев та бар, деп хабарлайды Qaz365.kz.

«Бізде партиялық тізім бар. Орталық кеңеспен жиналамыз деп жоспарлап отырмыз. Бір аптаның ішінде анықталады. Үміткерлер бар.  Бейбіт Әлібеков, Нұрлан Қоянбаев секілді жігіттердің Парламентке келуі екіталай. Дауыс береміз. Комитетке келетін басқа да жігіттер бар. Таңдаймыз, дәл қазір нақты айту қиын. Себебі әрқайсысының өз шаруасы бар. Динара Шүкіжанованың өз ұсыныстары болуы мүмкін», – дейді партия төрағасы Айдарбек Қожаназаров.

Оның айтуынша, Динара Шүкіжанова көптен бері бизнеске қайта оралғысы келетінін айтып жүрген. Бірақ ол бастаған бастамаларын аяқтауы керек еді.

«Қазір барлық бастамаларын табысты аяқтады, сондықтан бизнеске кетіп жатыр. Менімен жанжалдасып кетті деген сөз – қауесет. Ол менің жақын досым, «Respublica» партиясы құрылмай тұрып-ақ дос болған едік. Партияда көшбасшылық үшін күрес болған жоқ. Айналып келгенде, оның қалауы өнеркәсіпте жұмыс істеу болды. Жоқ, ол «Қарметке» бармайды, Қостанайға, өзі жұмыс істеген кәсіпорынға оралады. Ешкім Мәжілістен түңілген жоқ. Динара, керісінше, өте үлкен тәжірибе алғанын айтуда. Ең бастысы, ол Парламент парағын түбегейлі жапқан жоқ. Болашақта бұл тақырыпқа қайта оралуы мүмкін», – дейді партия жетекшісі.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →