×

Мәжіліс сайлауы 2023: депутаттардың арасынан кімдер қайта сайланады

Мәжіліс сайлауы 2023: депутаттардың арасынан кімдер қайта сайланады
коллаж: Qaz365.kz, Мадияр Мухаметья

Мемлекет басшысы 2023 жылдың бірінші жартыжылдығында Мәжіліс сайлауы өтетінін айтқан болатын. Осыған орай жақын арада Мәжіліс тарайды деген қауесет бар. Журналистер Мәжіліс депутаттарының келесі сайланымға қатысу жайлы пікірін білді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Ержан Құдайберген журналистерге берген жауабында келесі Мәжіліс сайланымына қатысуға ниетті емес екенін білдірді. Депутат жастарға орын беретінін, өзінің басқа жоспарлары бар екенін айтты.

“Екі сайланым отырдым. Жасымыз зейнетке жетті. Жастар істесін, басқа істесін. Менің басқа да жоспарларым бар. Елге барып жастарды еңбекке баулу, инвесторлар тартып, өңірді байыту ойым бар”, – деп жауап берді депутат.

Ал Наталья Дементьева өз орнында қалмаса да, өзіне жұмыс табылатынына сенімді.

“Мен сол мәселені шешпеймін. Егер әкімшілігіміз солай деп шешсе, онда қаламын. Орнымда қалмасам да, жұмыссыз қалмаймын”, – дейді ол.

Құлахметов Ғазиз әлі нақты шешімге келмегенін айтады.

“Келесі сайлауға түсемін бе, түспеймін бе, әлі нақты шешкен жоқпын. Егер мүмкіндік болса, келесі шақырылымға өтудің жолын қарастырамын”, – дейді депутат.

Ерлан Саиров болса журналистердің сұрағына жауап беруден бас тартты.

“Бұл сұрақты халық шешеді. Қазақстан халқы дауыс береді. Сол үшін де бұл сұраққа жауап бергенім дұрыс емес. Бұл – болашақтың сұрағы. Мен өзім орнымда қалуды қаласам да, ертең шешім басқаша болуы мүмкін”, – деді Мәжіліс депутаты.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Тоқаев Қырғызстан президентін Астана әуежайында күтіп алды
Кеше, 17:15

Тоқаев Қырғызстан президентін Астана әуежайында күтіп алды

Ертең жоғары деңгейде екіжақты келіссөздер жүргізілмек
Мас күйінде көлік жүргізетіндерді жүргізуші куәлігінен айыру мәселесі талқыланды

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →