×

Тоқаев әскери қызметке шақыру туралы жарлыққа қол қойды

Президент жарлыққа қол қойды

Тоқаев әскери қызметке шақыру туралы жарлыққа қол қойды
Фото: ашық дереккөзден

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев әскери қызметін өткергендерді запасқа шығару және мерзімді әскери қызметке кезекті шақыру туралы жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Құжатқа сәйкес, әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткерген әскери қызметшілер биыл наурыз – маусымда және қыркүйек – желтоқсан айларында запасқа шығарылады. Олар:

  • Қазақстан Республикасының Қарулы күштері;
  • Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі;
  • Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігі;
  • Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті;
  • Қазақстан Республикасының мемлекеттік күзет қызметі.

Тура сол уақытта әскерге шақыруды кейінге қалдыруға немесе одан босатылуға құқығы жоқ 18 жастан 27 жасқа дейінгі ер-азаматтар осы органдарға әскери қызметке шақырылады.

Жергілікті атқарушы органдар әскери қызметке шақыру шараларын ұйымдастыруға тиіс.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора
Qaz365.kz редакциясы

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Бағдат Мусин қызметінен босатылды
30.04.2024ж. 19:02

Бағдат Мусин қызметінен босатылды

Ол бұл қызметті төрт жылға жуық атқарды
Көлік құралдарына салынатын салық ставкалары төмендетілуі мүмкін
Тиісті бұйрық Ақорда сайтында жарияланды

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →