×

«Азаттық» радиосына аккредитация неге берілмей жатыр – Мәулен Әшімбаев себебін айтты

Ол Қазақстанда сөз бостандығы қамтамасыз етілгенін айтты

«Азаттық» радиосына аккредитация неге берілмей жатыр – Мәулен Әшімбаев себебін айтты
Фото: kaztag.kz

Сенат спикері Мәулен Әшімбаев Қазақстандағы «Азаттық» радиосының журналистеріне аккредитация беруден бас тарту туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Оның айтуынша, Қазақстанда сөз бостандығы қамтамасыз етілген.

«Соңғы бірнеше жылда БАҚ елдегі жағдайды емін-еркін жазып, мемлекеттік қызметкерлерді, басшыларды сынайтынын білесіздер. Осыған байланысты БАҚ қызметіне ешқандай шектеулер жоқ. Қазақстанда БАҚ жұмысы үшін қажетті заңнамалық база жасалды. Ал осыған орай, "Азаттық" туралы айтатын болсақ, мәселе Сыртқы істер министрлігіне қатысты. Сыртқы істер министрлігінің хабарлауынша, мұндай шешім «Азаттық» радиосының редакторлары мен журналистерінің Қазақстан Республикасының заңнамасын бірнеше рет бұзғаны» негізінде қабылданған», – деді Сенат спикері.

Ол «Азаттық» радиосының Қазақстан аумағындағы шетелдік БАҚ өкілдіктері мен олардың журналистерінің қызметі туралы ережені бұзғанын атап өтті.

«Кейбір журналистер мен редакция қызметкерлерінің заңды бұзуы салдарынан осындай шешім қабылданды. Мұндай шешімнің нақты аспектілері туралы толығырақ ақпарат алу үшін Сыртқы істер министрлігіне хабарласу қажет», – деді Әшімбаев.

Сондай-ақ ол қазір Парламентте қаралып жатқан БАҚ туралы заңда заңнама бұзылған жағдайда шетелдік БАҚ-ты аккредиттеуден бас тартуға болатын нормалар қарастырылғанын айтты. Оның ішінде, «Қазақстан Республикасындағы қауіпсіздікке нұқсан келтіретін, елдің қауіпсіздігіне қатер төндіретін немесе конституциялық құрылысты өзгертуге шақыратын үндеулері үшін» шетелдік БАҚ аккредиттеуден бас тартылуы мүмкін.

«Осындай ауыр құқық бұзушылықтар туралы айтып отырмыз. Бірақ, қалай болғанда да, бұл заң жобасы, ол талқыланып жатыр, сондықтан сіздердің де жұмыс топтарына қатысуға, кейбір ұсыныстарды енгізуге құқығыңыз бар. Бұл заң жобасы Мәжілісте, Сенатқа түскен жоқ», – деді спикер.

Бұл заң жобасы Мәжілісте, Сенатқа түскен жоқ. Сенат төрағасы бұл БАҚ-ты жабу емес екенін атап өтті.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →