×

Қазір мұғалімдер балалардан қорқады - депутат

Балаға мұғалімді жығып беріп жатқан жоқпыз ба – депутат

Қазір мұғалімдер балалардан қорқады - депутат
Фото: parlam.kz

Мәжіліс депутаты Жанарбек Әшімжан балалардың құқығын қорғауда ата-аналардың құқықтары сырт, шет қалған жоқ па деп мәселе көтерді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Мәжілісте талқыланған «Кейбір заңнамалық актілерге әйелдердің құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасына қатысты депутат пікірін білдірді.

«Дүниенің дидары өзгерді. Небір азғынданған дүниелер еніп жатыр. Қашан да қазақ қоғамында ата-ана мен баланың орны бөлек болған. Әз Тәукенің жарғысында да бұл көрінген. Бір кездері біз мұғалімнен қорқушы едік, қазір мұғалімдер балалардан қорқады. Өте ертеде мектепке апарған кезде аталарымыз ұстаздарына «еті сенікі, сүйегі менікі» деп беретін. Тиісті деңгейде ұлттық ұстаным мен тәрбие бар. Құқықтардың бәрін балаға беріп, жалаңаштанып жатқан жоқпыз ба? Өткен жолы баласы әкесіне «егер маған артық бір ауыз сөйлейтін болса, мен сотқа берем» деген үндер шықты. Әкенің қас-қабағы деген бар. Қоғам болған соң әртүрлі тәрбие, әртүрлі бала болады. Заң жобасында ұлттық тәрбиені қаншалықты қарастырдық?» – дейді депутат.

Бұл сұраққа жауап берген Жұлдыз Сүлейменова неке және отбасы туралы заңға арнайы дәстүрлі отбасы құндылықтарын нығайту, сақтау, ілгерілету деген міндет енгізіліп отырғанын айтты. 

«Қазір қоғамда түсініспеушілік болмауы керек. Балаға қатысты педофилия болса, оның жазасы бар әрі ол қатты. Дегенмен әр отбасының "әке –  асқар тау" деген ұстанымы қалуы керек. Дәстүрлі ұлттық құндылықтарды одан әрі насихаттау керек деп ойлаймын. Отбасындағы қызға қырық үйден тыйым жасаған ұстаным бар. Үйдегі тәрбиені көрген қыздың адал жар, жақсы келін болуы өнегемізде бар. Сондықтан, дәл осы ұстанымды ұлттық құндылық ретінде заңға арнайы енгізіп отырмыз», – дейді ол.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора
Qaz365.kz редакциясы

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Утилизациялық алымды азайту мәселесіне қатысты өзгеріс бола ма
Өзбекстанда Ресей капиталдың қатысуымен үш мыңнан астам кәсіпорын жұмыс істейді
Ертең Қазақстан астанасында ШЫҰ елдері қорғаныс министрлерінің кездесуі өтеді

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →