×

«Статистикамен ғана айналысты»: Депутат Сайыров Смайыловтың неге кеткенін айтты

Сайыровтың айтуынша, Смайылов тек экономикалық статистикаға басымдық берген

«Статистикамен ғана айналысты»: Депутат Сайыров Смайыловтың неге кеткенін айтты
Фото: ашық дереккөздерден

Мәжіліс депутаты Ерлан Сайыров Әлихан Смайыловтың министрлер кабинеті не себепті отставкаға кеткенін айтып берді. Оның айтуынша, Үкімет басшысы тек экономикалық статистикаға басымдық берген, деп хабарлайды Qaz365.kz

«Депутаттар осы Үкіметке біздің экономиканың фундаменталды проблемалары жөнінде әрқашан айтып келеді. Ондай проблемалар – Қазақстанның мемлекеттік қарызы артып келе жатыр. Екінші – бюджетті толтыруға Ұлттық қордан ірі-ірі преференциялар берілді. Ең негізгісі Қазақстанда бір жылдың ішінде кедейлердің саны артып кетті. Өткен жылдары 1 млн 15 мың адам болса, биыл 1 млн 100 адамға жетті. Сондықтан, Үкімет тек экономикамен, тек статистикамен айналысты», – дейді Ерлан Сайыров.

Оның айтуынша, 2029 жылға дейін Қазақстанның жалпы ішкі өнімін екі есе өсіреміз десек, онда Қазақстанда өндірістік саясат, әртараптандырып, олигархтарды қуып, олардың орнына жаңа ұлттық буржуазия пайда болып, халықтың әл-ауқатын арттырып, кедейлердің санын азайтып, ең негізгісі халыққа жаппай кәсіпкерлікпен айналысуға мүмкіндік жасау керек.

«Ең негізгі ұран – байыңдар! Байып, халыққа көмектесіңдер», – дейді Сайыров.

Еске салайық, 2024 жылдың 5 ақпаны Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің отставкасын қабылдап, «Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» Жарлыққа қол қойды

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора
Qaz365.kz редакциясы

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Семейдің жылумен жабдықталуы Үкімет назарында
Кеше, 18:26

Семейдің жылумен жабдықталуы Үкімет назарында

Қазіргі күнде ЖЭО-1 нысанындағы жөндеу жұмыстары қалыпты жүріп жатыр деуге болады
Мемлекеттік орман күзеті қызметкерлерінің жалақысы 100%-ға көтерілді
Ғылым академиясында тамыз-қыркүйекте сайлаудың жаңа циклы өтеді

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →