×

Қазақстанның жаңа Премьер-министрі кім болатыны анықталды

Бүгін Парламент Мәжілісінің пленарлық отырысы өтеді

Қазақстанның жаңа Премьер-министрі кім болатыны анықталды
Фото: alataunews.kz

Мемлекет басшысына «Amanat» партиясының атынан Премьер-министрдің кандидатурасы ұсынылды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа Парламент Мәжілісінің және «Amanat» партиясының төрағасы Ерлан Қошанов Премьер-министр қызметіне Олжас Бектеновтің кандидатурасын ұсынды.
Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, Президент ұсынылған кандидатураны Мәжілістегі партиялардың фракцияларымен жуық арада талқылайды.

Айта кетейік, бүгін сағат 15:00-де Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент Мәжілісінің пленарлық отырысына қатысады.

Еске салайық, бұған дейін 51 жастағы Әлихан Смайылов Қазақстанның Премьері лауазымын 2 жыл бір ай атқарды.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Бұған дейін Көшербаев ШҚО әкімі қызметін атқарып келді.
Ол осыған дейін премьер-министрдің орынбасары қызметін атқарды
Екі ел арасында стратегиялық әріптестік пен ынтымақтастық туралы келісім жасалған

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →