×

Талдықорғанда қираған Назарбаев ескерткішінің тұғырын алып тастады

Экс-президенттің ескерткішінің тұғыры алынып тасталды

Талдықорғанда қираған Назарбаев ескерткішінің тұғырын алып тастады
Фото: Facebook / Есдәулет Қызырбекұлы

Бұл туралы әлеуметтік желіде журналист Есдәулет Қызырбекұлы жазды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

«Талдықорғанда Қаңтарда қираған Назарбаев ескерткішінің тұғырын светті өшіріп қойып, жеті қараңғы түнде алып тастапты. Жарық дүниеден қорықты ма, жоқ әлде күн көсемді қатты құрметтеді ме, кім білсін, әйтеуір тұғырынан тайдырыпты экс-елбасыны», – дейді ол.

Айта кетейік, 2016 жылы Талдықорғанда бой көтерген тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың ескерткішін 2022 жылғы Қаңтар оқиғасы кезінде наразылық білдірушілер қиратып тастады. Бұл ескерткіштің авторлары – мүсінші Қазыбек Жарылғапов (2019 жылы қайтыс болған) пен Мирлан Азмағанбетов.

Сол жылы Алматы облысының әкімі Қанат Бозымбаев Талдықорғанда қиратылған Назарбаев ескерткіші қалпына келтірілмейтінін мәлім еткен.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
«Одан әрі созбаймыз». Дональд Трамп Қазақстанға 1 тамызға дейін уақыт берді
Кеше, 03:43

«Одан әрі созбаймыз». Дональд Трамп Қазақстанға 1 тамызға дейін уақыт берді

Ол, сондай-ақ, ешқандай қосымша уақыт берілмейтінін қатаң ескертті.
Владимир Путин Ресейдің Ауғанстандағы «Ислам Әмірлігін» ресми түрде мойындау туралы шешім қабылдады

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →