×

«Бұл жер митинг емес»: Асхат Аймағамбетов сылтау айтқан вице-министрге ұрысып тастады

Депутат бұл жерде менің Үкіметке деген күдігім анық деп айтты

«Бұл жер митинг емес»: Асхат Аймағамбетов  сылтау айтқан вице-министрге ұрысып тастады
Фото: ашық дереккөзден

Мәжіліс депутаты Елнұр Бейсенбаев Үкіметтің лудомания туралы заң жобасын 1,5 жыл бойы ұстап отырғанын айтып, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің осы іске араласуы қажеттігін жеткізді, деп хабарлайды Qaz365.kz

«Күні кеше Үкімет басшысын таныстырдық. Біз 1,5 жыл бұрын Үкіметке заң жобасын ұсындық. Мен бұл заң жобасы Мәжіліске өтпегенше дейін қайталай беремін. Ол заң жобасы букмекерлік кеңселердің жұмысын реттеу, лудоманиямен күрес жайлы болатын. Осыдан 6 ай бұрын Президент Қауіпсіздік кеңесінің отырысын өткізді. Ол Қазақстанда лудомания мәселесі бар екенін айтты. Әртүрлі ресми емес мәліметтер бойынша трлн теңгеден астам қаражат айналымда екенін хабарлайды. Заң жобасын Үкімет 1,5 жыл ұстап отыр», – деді Елнұр Бейсенбаев.

Ол  бұл жерде менің Үкіметке деген күдігім анық деп айтты. Неліктен Үкімет бұл заң жобасын сонша уақыт ұстап отыр? Мұнда сыбайлас жемқорлық тәуекелдері бар болуы мүмкін. Яғни бір адамдар өз мүдделерін көздеп отырған болуы мүмкін деген таудай күдігім бар, дейді.

«Жемқорлық қайда жасырынып жатыр дейміз? Міне, осындай үлкен, қоғамға өте қажет заң жобасын кідіртіп отыр. Иә, біз құмар ойындарын ойнауға хақылы адамдардың жасын 25-ке дейін етіп шектегіміз келеді. Мәселе неде? Президент тапсырма береді, Amanat фракциясында талқылаймыз. Ал заң жобасы тоқтап тұр. Ортақ пайымға келе алмай отырсыздар. Келе алмай отырсаңыздар жақсы ғой. Мен 100 пайыз ол жерде үлкен көлеңкелі мүдде бар деп есептеймін. Жаңа Премьер-министрдің алдында осы тапсырманы міндетті түрде қоямыз. Алдымызда Үкімет өкілдері отыр. Өтініш, осы жұмысты қолға алыңыздар», – деді депутат.

Ал Туризм және спорт вице-министрі Мирас Төлебаев бұл жұмысқа ұзақ уақыт кететінін айтып ақталуға тырысты. Одан бөлек, Ұлттық кәсіпкерлер палатасынан келетін лоббилік элементтердің де жоқ еместігін жасырмады.

«Мұндай рәсімдерге ресми түрде кемінде 45 жұмыс күні кетеді. Ол құжат ұзартылуы да мүмкін. Ұлттық кәсіпкерлер палатасынан келетін лоббилік элементтердің бар екенін де жоққа шығармаймын. Олардың міндеті – кәсіпкерлердің құқығын қорғау. Біз барлық платформаларда бұл мәселемен ашық күресіп келеміз. Бүгінгі күні 17 түзетуге қатысты талдау жүргізілді, заң жобасында жалпы 55 түзету көзделген. Сондықтан Үкімет мұны әдейі жасап отыр деп айту мүлде дұрыс емес», – дейді вице-министр.

Осы кезде сөзге Асхат Аймағамбетов араласып, Мирас Төлебаевқа ескерту жасады.

«Бұл жер митинг емес. Мен мұнда сізге ресми түрде сын айтып жатырмын. Заң жобасы 1,5 жылдан бері қабылданбай жатқанын айттық. Сіз келіп, «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының рөлі туралы, өздеріңіздің әлсіздіктеріңіз туралы әңгіме айтып отырсыз. Нақты проблема бар екенін мойындауыңыз керек. Сондықтан айтарым, кейде сөйлемес бұрын ойланып алған дұрыс», – деді депутат.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора
Qaz365.kz редакциясы

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Бағдат Мусиннің орнына жаңа министр тағайындалды
06.05.2024ж. 16:14

Бағдат Мусиннің орнына жаңа министр тағайындалды

Президент тиісті жарлыққа қол қойды
Ол бұл қызметті төрт жылға жуық атқарды
Көлік құралдарына салынатын салық ставкалары төмендетілуі мүмкін
Тиісті бұйрық Ақорда сайтында жарияланды

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →