×

«Куәгерлер фактіні айтудан әлі де қорқады»: Ғалымжан Жақиянов Алтынбек Сәрсенбайұлына қатысты шындық неге ашылмай жатқанын айтты

Ол тарихи әділет орнамағанын айтты

«Куәгерлер фактіні айтудан әлі де қорқады»: Ғалымжан Жақиянов Алтынбек Сәрсенбайұлына қатысты шындық неге ашылмай жатқанын айтты
Фото: Galymzhan Zhakiyanov / Facebook

Павлодар облысының әкімі болған, саясаткер Ғалымжан Жақиянов марқұм Алтынбек Сәрсенбайұлының өліміне қатысты шындық неге ашылмай жатқанын жазды, деп хабарлайды Qaz365.kz

«Кеше Алтекеңнің қаза болғанына 18 жыл толды. Әлі күнге дейін шындық ашылмады, тарихи әділет орнамады. Ақорда істі қайта тергеуге талпынып отырған жоқ. Қоғам мен зиялы қауым тарапынан, медиада билікке істі қайта қарау туралы талап қою байқалмайды. Десе де "Азаттық" радиосы «Алтынбекті кім атты?», «Кім аттырды?» деген сұраққа жауап іздеу ұмтылысын тұрақты жасап келеді. Журналист Манас Қайыртайұлымен Алтынбек Сәрсенбайұлының өліміне қатысты жайттарды жақында талқылаған едік. Сұхбатта өзіме мәлім фактілерді айттым. Эксклюзив дәйек те айтылды. 2013 жылы Бостон қаласында АҚШ федералдық тергеу бюросы (FBI) агенттерімен кездескенмін. Алтынбектің қазасы жайлы әңгіме болған. Сол кездесуден түйгенім – ФБР осы қылмысты жан-жақты зерттеп, нәтижесін Қазақстанға тапсырған. Ал еліміздің не ескі, не жаңа басшылары әлі күнге дейін ол тергеудің қорытындысы жайлы тіс жармай отыр», – дейді Ғалымжан Жақиянов.

Ол марқұм Алтынбек Сәрсенбайұлы авторитарлық билік еліміздің көсегесін көгертпейтінін жақсы білді. Сол үшін де әділетсіз саяси жүйеге қарсы тұрды. Сол жолда шейіт болды деп айтты.

«Қазіргі жағдайда Назарбаев тұсындағы саяси өлімдерді қайта қарамай, Алтекеңнің атын мектепке беріп, Зәкеңе (Заманбек Нұрқаділов) ескерткіш тұрғызып, олардың тәуелсіз Қазақстан тарихындағы орнына әділетті баға берілуі мүмкін емес. Шындықты білетін куәгерлер фактіні айтудан әлі де қорқады. Бұл Қазақстандағы авторитарлық жүйенің өзгеріссіз қалғанын көрсетеді. Елде шынайы саяси өзгеріс болған кезде ғана Зәкең мен Алтекеңе байланысты қылмыстар ашылып, құқықтық, саяси және тарихи баға беріледі. Сонда ғана әділеттікке жол ашылды деп айта аламыз. Ондай заман азаматтық қоғамның белсенді қатысуынсыз келуі мүмкін емес», – дейді саясаткер.

Айта кетейік, 2006 жылы 11 ақпанда танымал саясаткер, оппозиция жетекшісі Алтынбек Сәрсенбаев пен оның екі көмекшісі – Василий Журавлев пен Бауыржан Байбосынды ұрлап әкеткен. Екі күннен кейін, 13 ақпанда, олардың атылған денелері Алматы маңындағы таулардан табылды.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора
Qaz365.kz редакциясы

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Бағдат Мусиннің орнына жаңа министр тағайындалды
06.05.2024ж. 16:14

Бағдат Мусиннің орнына жаңа министр тағайындалды

Президент тиісті жарлыққа қол қойды
Ол бұл қызметті төрт жылға жуық атқарды
Көлік құралдарына салынатын салық ставкалары төмендетілуі мүмкін
Тиісті бұйрық Ақорда сайтында жарияланды

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →