×

«Адамды қорғайтын заң жобасы емес»: Бақытжан Базарбек жаңа құрылыс кодексін сынға алды

Ол үш заңды қосып, құрастыра салған деп отыр

«Адамды қорғайтын заң жобасы емес»: Бақытжан Базарбек жаңа құрылыс кодексін сынға алды
Бақытжан Базарбек/facebook.com

Бүгін Мәжілісте  жаңа Құрылыс кодексі таныстырылды. Заң жобасы туралы Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Тимур Қарағойшин баяндама жасады. Бірақ депутат Бақытжан Базарбекке бұл мүлдем ұнаған жоқ. Ол отырыстан кейін тілшілерге түсіндіріп берді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

«Жақында Алматыда лай көшкіні болып, төрт адам қайтыс болды. Ал сол  соғылған үйдің жерінің нысаналы мақсаты заңсыз ауыстырылған. Оған үш әкім жауапты.  Олар құрылыстың рұқсатнама қағазын беріп жіберді. Бұл ескі заңның шикілігі.  Мына жаңа кодексте адамның өмірін қауіпсіздікте сақтау мүмкін емес.  Жер сілкінісі, сел қаупі  туындап жатса, бұл заң бізді қорғауы тиіс. Ал бірақ қазір министрлік дайындаған кодекстің мәтінін оқысаң, адамды қорғайтын заң жобасы емес», – дейді Бақытжан Базарбек.

Ол үш заңды қосып, құрастыра салған деп отыр. Кезінде құрылыс компанияларының лоббиімен кіріп кеткен баптар  әлі алынбаған екен.

«Кодекстің 78-бабы басқа заңнан көшірілген әрі ол лоббистік норма саналады. Құрылыс лоббиін тоқтатуымыз керек. 83-бапты қарасаңыз, функционалдық аумақ туралы. Тау бөктері көшкін жүруі мүмкін орын ретінде қаншама рет ескертілген. Ескі заңнан ол да көшірілген. Ескі заңдағы лоббистерді қорғайтын нормалар жаңа кодекске көшірілген», – дейді депутат.

Ол бұл «заң жобасы – заң емес, 200 беттік ақ қағаз» деп отыр.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
АҚШ Украинаға бейбіт келісім жобасын ұсынды: Зеленский оны Трамппен талқылауға ниетті
Кеше, 10:42

АҚШ Украинаға бейбіт келісім жобасын ұсынды: Зеленский оны Трамппен талқылауға ниетті

Бұны Украина президенті Владимир Зеленскийдің кеңсесі ресми түрде растады
Қазір Орталық Азия ауқымды трансформация кезеңін өткеріп жатыр
Жоғары мемлекетаралық кеңесі екінші отырысының қорытындысы бойынша Бірлескен мәлімдеме қабылданды
Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, іскерлік топтар арасындағы байланыстарды одан әрі кеңейту қажет.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →