×

Ресейлік оппозициялық саясаткер Алексей Навальный қайтыс болды

Өлімнің себептері анықталуда

Ресейлік оппозициялық саясаткер Алексей Навальный қайтыс болды
Фото: instagram.com/navalny

Белгілі ресейлік оппозициялық саясаткер Алексей Навальный түзеу колониясында қайтыс болды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Алексей жазасын Ханты-Мансий автономиялық округінде, әйгілі «Полярный қасқыр» Харп ауылында өтеп жатқан болатын. Кейіннен Владимир облысынан ауыстырылып, үнемі жазалау камерасында болған.16 ақпанда серуендеуден кейін өзін нашар сезінген. Бірден сол жерде есін жоғалтады.

Дереу мекеменің медицина қызметкерлері келіп, жедел медициналық бригада шақырылды.

Барлық қажетті реанимациялық шаралар жүргізілді, бірақ оң нәтиже бермеді. Жедел жәрдем дәрігерлері сотталушының қайтыс болғанын растады.

Өлімнің себептері анықталуда.

Айта кетейік, Ресей соты былтыр оппозиционер Алексей Навальныйды "экстремизм" бабымен 19 жылға соттаған. Ресейдегі жемқорлықпен күрескен Навальный Қылмыстық кодекстің алты бабымен айыпталған. Оған "экстремистік қауымдастық құрды әрі қаржыландырды", "экстремизмге шақырды", "Нацизмді ақтады" деген негізгі айыптар тағылған еді.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
ҚТЖ-ға Даниал Ахметовтің күйеу баласын төраға етіп қоймады
Бүгін, 11:39

ҚТЖ-ға Даниал Ахметовтің күйеу баласын төраға етіп қоймады

Талғат Алдыбергеновтің теміржол саласында 35 жылдан астам еңбек өтілі бар.
Адам капиталын арттыруды ынталандыру қажеттігіне назар аударды.
Бұл тыйым заңда көзделген ерекше жағдайлардан басқа барлық жағдайларға қолданылады.
Президент Тоқаев тиісті заңға қол қойды

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →