×

2024 жыл үшін он негізгі тәуекел мен қауіп-қатер

2024 жылы әлемде қандай өзгерістер болмақ

2024 жыл үшін он негізгі тәуекел мен қауіп-қатер
Qaz365.kz коллажы

Жылдар бойы жиналған - Волан-де-Морт немесе The Annus horribilis. Халықаралық қатынастарға маманданған «Eurasia Group» американдық зерттеу компаниясы 2024 жылды осылай атады, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Сарапшылар 2024 жылы әлемді күтетін ең үлкен тәуекелдерге болжам жасады. 2024 жыл негізгі үш қақтығыс жылы болады:

  • Ресей Украинаға қарсы;
  • Израиль ХАМАСҚА қарсы;
  • Америка Құрама Штаттары өзіне өзі қарсы.

Зерттеушілер 2024 жылды «үлкен алаңдаушылық жылы» деп атады, өйткені АҚШ өзінің жаһандық экономикалық және әскери үстемдігіне қарамастан маңызды ішкі саяси мәселелерге тап болды деп отыр.

«АҚШ-бүкіл әлем бойынша өз күшін тарата алатын жаһандық әскери күші бар жалғыз ел. Бірақ бұл, әрине, бай демократиялар арасындағы ең дисфункционалды саяси жүйе», - деді Ян Бреммер, Eurasia Group президенті.

«Біз функционалды демократия үшін қажет билікті, еркін және әділ заңды берілуіне кепілдік бере алмайтын жалғыз бай демократиямыз».

Бреммер әлемді аралап жүргенінде байқаған бақылауында, біздің одақтастарымыз 2024 жылы АҚШ-тағы демократияның жағдайына «өте, қатты алаңдайтынын» көрдім және біздің қарсыластарымыз мұны «хаос жасау мүмкіндігі» ретінде қарастыруы мүмкін деп отыр.

«Мен өмірімде мұндай нәрсені ешқашан көрген емеспін», - деді Бреммер, оның себебі АҚШ Конгресі, Шіркеу немесе БАҚ сияқты негізгі институттарға азаматтар тарапынан деген сенімсіздік өзінің шарықтау шегінде екенін айтты.

«Енді бізде Трамп пен Байденнің жақтастары арасында ортақ, нақты фактілерді бірдей түсінікпен қарай алмайтын антагонистер бар», - деді ол. Бұл құбылыс «Израиль мен ХАМАС, Ресей мен Украинаға арасындағы қарсылыққа қатты ұқсас».

1. Америка Құрама Штаттары өздеріне өзі қарсы

Американдық армия мен экономика әлі де өте күшті болғанымен, АҚШ-тың саяси жүйесі басқа индустриалды демократияларға қарағанда дисфункционалды. 2024 жылы мәселе одан да өткір болады. Президенттік сайлау елдегі саяси алауыздықты күшейтіп, американдық демократия үшін 150 жыл ішінде бұрын-соңды болмаған сынақ болып, АҚШ-тың халықаралық беделіне нұқсан келтіруі мүмкін. Осы кезеңдегі дауыс берудің нәтижесі өте түсініксіз екенін ескеріп, бұл сайлау Американың әлеуметтік құрылымына, оның саяси институттарына және халықаралық жағдайына өз зиянын тигізетіні анық. Трамптың жеңу перспективасы Американың әлемдік аренадағы позициясын әлсіретеді, өйткені оны сыртқы саясатта республикашыл заң шығарушылар қолдайды, ал АҚШ-тың одақтастары мен қарсыластары оның жүргізуі мүмкін ықтимал саясатынан сақтану жолдарын іздей бастайды.

2. Таяу шығыс жар жағысында

2024 жылы Газа секторындағы қақтығыстар кеңейіп, кейбір сценарийлерде тіпті үлкен аймақтық соғысқа ұласуы мүмкін. Кейбір келіспеушіліктер кезінде АҚШ пен Иран қақтығысқа тікелей қатысады. Жанжал әлемдік экономикаға қауіп төндіріп, геосаяси және саяси келіспеушіліктерді күшейтеді және жаһандық экстремизмді жандандыра түседі. Эскалацияның ең тікелей жолы Израильдің немесе «Хезболланың» бір-біріне шабуыл жасау туралы шешімі болар еді. Израильдің жоғары басшылары Хезболла қаупін «жоюға» уәде берді. Егер Израиль алдын — ала ескертпе соққылар жасаса, американдық әскерилер оған қолдау көрсетеді, ал өз кезегінде Иран «Хезболлаға», яғни оның басты аймақтық саяси көсеуіне көмектеседі.

Хусит содырлары да әскери қимылдарын өршіте түсуде, ал Ирак пен Сириядағы шиит жасақтары Тегеранның қолдауымен АҚШ базаларына жиі шабуыл жасап жүр. Газадағы қақтығысқа қатысушы бірде-бір ел аймақтық қақтығыстың өршігенін қаламайды. Бірақ өртенген отқа, қолында майы бар ойыншылардың жақындай түсуі аймақтағы әскери қақтығыстардың өршу қаупін арттырады.

3. Бөлінген Украина

Ресейдің Украинаға басып кіруі тарихи сәтсіздік болып қала береді. НАТО өзінің жаңа мүшелері - Финляндия мен Швеция есебінен күшейе түсті. ЕО Украинаның Одаққа кіру процесіне жол ашты, Ресей 11 раундтық санкцияларға тап болды және мұнан да көп санкциялық пакеттер болатынын сөзсіз. Және Ресейдің сырттағы егеменді активтерінің жартысы бұғаттаулы, бұл қаржылар Украинаны қалпына келтіруге жұмсалуы ықтимал. Еуропа енді ресейлік энергия көздерін сатып алмайтын болды.

Бірақ Украина биыл іс жүзінде бөлінеді, енді Ресейде ұрыс алаңында басымдық пен материалдық артықшылық бар. 2024 жыл-соғыстың бетбұрыс кезеңі, егер Украина жақын арада өзінің әскери-кадрлық мәселелерін шешпесе, қару-жарақ өндірісін ұлғайтпаса және нақты әскери стратегия жасамаса, оның аумақтық шығындары тұрақты және айтарлықтай артуы мүмкін.

Киев Америка Құрама Штаттарының саяси және материалдық қолдауының төмендеуінен қатты зардап шегуде, ал еуропалық көмектің әлеуеті мардымды емес. Украинаға әскер санын арттыру аса қажет. Осы аталған себептерге байланысты Киев биылғы жылы үлкен әскери тәуекелдерге барады, соның ішінде Ресей аумағындағы көптеген стратегиялық нысандарға соққылар жасауы мүмкін. Бұл әрекеттер өз кезегінде Ресей тарапынан бұрын-соңды болмаған жауапты реакциялар тудырып, ашық қақтығысқа араласуға НАТО-ны да итермелеуі мүмкін.

4. Басқарусыз жасанды интеллект

Технологиялар дамып, жасанды интеллект 2024 жылы бақылаудан шығады, себебі заңнамалық реттеуші тетіктер әлсірейді. Бүгінде технологиялық компаниялар іс жүзінде ешқандай құқықтармен шектелмеген, сәйкесінше AI құралдары күшейіп, әлем үкіметтерінің билігінен біртіндеп шығатын болады.

5. Шеттетілгендер өсі (және Американың қауіпті достары)

2024 жылы Ресей, Солтүстік Корея және Иран өзара әлеуетін күшейтіп, жаһандық саяси аренада барған сайын ұйымдасқан және жойқын әрекет етеді. Сонымен қатар, тіпті Вашингтонның достары - Украина, Израиль және (мүмкін) Тайвань басшылары - АҚШ-ты олар аулақ болғысы келетін қарсыласулар мен қақтығыстарға тартады.

6. Қытай экономикасы қалыпқа келмейді

Егер президент Си Цзиньпиннің билігі әлсіремесе (бұл екіталай) немесе ауқымды тұтынушылық деңгейін ынталандыру мен құрылымдық реформаларға түбегейлі бетбұрыс болмаса, Қытай экономикасы 2024 жылы да әлсіз болып қала береді. Бейжіңнің елдің экономикалық өсуінің әлсіреген моделін реформалай алмауы, елдегі қаржылық тұрақсыздық пен қоғамдық сенім дағдарысы Қытай Коммунистік партиясының көшбасшылық қабілеттеріндегі олқылықтарды анықтап, әлеуметтік толқулар тудырады.

7. Маңызды пайдалы қазбалар үшін күрес

Маңызды пайдалы қазбалар 21 ғасырда таза энергиядан бастап озық есептеулерге, биотехнологияларға, көлік пен қорғанысқа дейін өсуді, инновацияны және ұлттық қауіпсіздікті ынталандыратын кез келген сектордағы ең маңызды құрамдас бөлікке айналады. 2024 жылы әлем елдері маңызды пайдалы қазбалар ағынын бұзатын өнеркәсіптік саясат пен сауда шектеулерін пайдалануды жандандыра түседі.

8. Қателесуге жол жоқ

2021 жылы басталған жаһандық инфляциялық шок экономикалық және саяси тұрғыдан 2024 жылы да өз әсерін тигізеді. Тұрақты инфляцияға байланысты жоғары пайыздық мөлшерлемелер бүкіл әлемдегі экономикалық өсуді бәсеңдетеді, ал үкіметтердің экономикалық өсуді ынталандыруға немесе күйзелістерге жауап беруге мүмкіндіктері аз болады. Бұл өз кезегінде қаржылық күйзеліс, әлеуметтік толқулар және саяси тұрақсыздық қаупін арттырады.

9. Эль-Ниньо оралады

Төрт жылдық үзілістен кейін Эль-Ниньоның күшті климаттық құбылысы қайта оралады. Ол жаңа жылдың бірінші жартысында шарықтау шегіне жетеді. Ауа-райының төтенше жағдайлары аштыққа, ауыз судың тапшылығына, логистика мен аурулардың таралуына байланысты қиындықтар әкеледі. Сонымен қатар, көші-қон мен саяси тұрақсыздыққа, әсіресе пандемиядан және Украинадағы қақтығыс салдарынан әлсіреген елдерде энергия мен азық-түлік бағасының өсуіне ықпал етеді.

10. Тәуекелді бизнес

Клиенттер мен қызметкерлер, инвесторлар (негізінен прогрессивті көзқарастағы) АҚШ-та өрбіген мәдени соғыстарды корпоративтік кеңселерге, енді соттар мен штаттың заң шығарушы органдарына дейін жеткізді, өз кезегінде енді губернаторлар және белсенділер (негізінен консервативті көзқарастағы) кері соққы береді. Осы қиылыстағы шарпыған отқа тап болған компаниялар (саяси және заңды түрде) үлкен белгісіздік пен ауқымды шығындарға тап болады.

RED HERRINGS НЕМЕСЕ КӨЗБОЯУШЫЛЫҚТАР

АҚШ - Қытай дағдарысы

Биыл да АҚШ-Қытай қатынастары үшін, әсіресе Тайвань мен технологиялық бәсекелестікке байланысты тағы бір аласапыран жыл болады, дегенмен ішкі мәселелерде президенттер Джо Байден мен Си Цзиньпинді тиімді дипломатиялық қарым-қатынас екі жаққа да пайдалы болатынына көз жеткізді.

Еуропалық саясатты популистік басып алулар

Еуропалық популистер континенттің саяси элитасы арасында қорқыныш пен үрей сезімін жаюды жалғастырады, бірақ еуропалық Парламенттегі, ұлттық және жергілікті сайлаудағы негізгі партиялардың шектеулі сәтсіздіктері еуропалық саяси тәртіпті бұзбайды және коронавирустық пандемия мен Украинадағы қақтығыстан туындаған ЕО-ның ауқымды мақсаттарына мен амбицияларына нұқсан келтірмейді.

БРИКС пен G7

Биыл Қытайдың басшылығымен кеңейгеннен кейін де, БРИКС «Үлкен жетілікке» толық бәсекелес бола алмайды.

P.S. Құрметті оқырман, осы зертеу болжамын дайындаған Ян Бреммер мен Клифф Купчан қателеседі деп ойлайсыз ба? Олар нені дұрыс түсінбей тұр немесе артық көрсетіп отыр? Сіздің пікіріңіз қандай?

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Сыздықбеков мемлекетке қайтарғысы келетін Шымкенттегі су компаниясының қарызын кім өтейді
22.11.2024ж. 17:35

Сыздықбеков мемлекетке қайтарғысы келетін Шымкенттегі су компаниясының қарызын кім өтейді

Компанияның банк алдындағы 12 млрд теңге қарызы өтелмеген.  
Жемқорлықпен күресу жалғыз менің емес – барлық ел басшыларының міндеті
Бүгін Шымкент қаласында республикалық брифинг өтіп жатыр
Жаңа вице-министр бүгінгі Үкімет Қаулысымен тағайындалды

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →