×

«Әйелдерінен қысым көріп қиналып жүрген еркектер көп»: Аманжол Әлтай Мәжілісте еркектердің құқығын қорғады

Еркектердің де құқығы тапталып жатқан жоқ па?

«Әйелдерінен қысым көріп қиналып жүрген еркектер көп»: Аманжол Әлтай Мәжілісте еркектердің құқығын қорғады
Фото: ашық дереккөзден

Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында әйелдердің құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша заң жобасы талқыланып отыр. Депутат Аманжол Әлтай осы ретте еркектердің де құқығын ұмытып жатқанымызды еске салды, деп хабарлайды  Qaz365.kz.

«Отбасы – өте күрделі институт. Өкінішке қарай, бүгінгі қоғамда түрлі келеңсіз оқиғалар болып жатыр. Солардың қатарында ер- азаматтан қысым көрген әйел ғана емес, әйелдерден қысым көретін еркектер де баршылық. Сонымен бірге өзінің қартайған шағында балаларынан қысым көріп отырған қарт ата-аналар да жетерлік. Біздің буынымызда «әкеммен ақылдасайын», «әкемнен сұрайын», «әкем біледі» деген түсінікпен өскен буын едік. Қазір «мамам біледі», «мамамнан сұранайын», «мамам шешеді» дейтін балалар көбейіп бара жатыр. Сондай-ақ кеше ғана Қарағандыда болған 78 жастағы кейуананың өз баласынан зорлық-зомбылық көруі – осының бірден-бір себебі. Өзінің білегінен әлі кетіп, бойынан қуат кеткен шағында өзінің туған балаларынан зорлық-зомбылық көретін ата-аналар да көбейіп бара жатыр», – дейді Аманжол Әлтай.

Айта кетейік, Мәжілісте қаралып жатқан заң жобасының жаңа редакциясында зорлық-зомбылыққа ұшыраған адамды қорғау үшін сот ерекше жағдайларда отбасында жанжал шығарып, құқық бұзған адамды белгілі бір мерзімге жарымен, бала-шағасымен бірге тұруға тыйым салу түріндегі құқықтық ықпал ету шарасын қолдануға құқылы.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Тоқаев Қауіпсіздік кеңесінің отырысын өткізді
Бүгін, 13:23

Тоқаев Қауіпсіздік кеңесінің отырысын өткізді

Адам капиталын арттыруды ынталандыру қажеттігіне назар аударды.
Бұл тыйым заңда көзделген ерекше жағдайлардан басқа барлық жағдайларға қолданылады.
Президент Тоқаев тиісті заңға қол қойды
Ресейдің құқық қорғау органдары әзірбайжан азаматтарына ұлтына байланысты қатыгездік көрсеткен.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →