×

«Кейбірі жер, кейбірі жеңілдік сұрайды»: Қазақстанға шетелден қанша компания көшіп келді

Әр компанияның жұмысы жеке жүргізіледі

«Кейбірі жер, кейбірі жеңілдік сұрайды»: Қазақстанға шетелден қанша компания көшіп келді

Ұлттық экономика вице-министрі Бауыржан Құдайбергенов Үкіметте Қазақстанға қанша компания көшіп жатқанын айтып берді, деп деп хабарлайды Qaz365.kz.

«Бүгінгі таңда Үкімет шетелдік компанияларды, ірі кәсіпорындарды осында орналастыру бойынша жұмыс жүргізіп жатыр. Тізімде бізде 30-дан астам елден 400-ге жуық компания бар. Бүгінгі таңда құны 1,5 млрд АҚШ долларынан асатын 41 компания бойынша нақты нәтиже шықты.. Бұл inDriver, Fortescue, TikTok және тағы басқа компаниялар бар. Бүгінгі таңда 37 компания бойынша жұмыс жүргізілді. Әлі қандай компаниялар келетінін нақты айтпаймыз. Жұмыс қорытындысы бойынша қосымша ақпарат ұсынылады», –  деді Бауыржан Құдайбергенов Үкіметтегі брифингте сұраққа жауап бере отырып.

Оның айтуынша, келетін компаниялардың саны көп те, аз да болуы мүмкін.

«Әр компанияның жұмысы жеке жүргізіледі. Кейбір компаниялар тек жер учаскесін сұрайды, басқалары қазірдің өзінде артықшылықтар, жеңілдіктерге ие. Бұл компаниялардың капиталы шамамен миллиард долларды құрайды, 37 компания! Бірақ әр жолы бұл сан өзгеруі мүмкін. Бірінші кезекте бізге өңдеу өнеркәсібі компаниялары, IT-компаниялар, сондай-ақ тау-кен өндіру саласы компаниялары келіп жатыр», – деп толықтырды Бауыржан Құдайбергенов.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора
Qaz365.kz редакциясы

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Семейдің жылумен жабдықталуы Үкімет назарында
Кеше, 18:26

Семейдің жылумен жабдықталуы Үкімет назарында

Қазіргі күнде ЖЭО-1 нысанындағы жөндеу жұмыстары қалыпты жүріп жатыр деуге болады
Мемлекеттік орман күзеті қызметкерлерінің жалақысы 100%-ға көтерілді
Ғылым академиясында тамыз-қыркүйекте сайлаудың жаңа циклы өтеді

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →