×

«Ресеймен байланысы бар»: Ерлан Қожағапановтың не үшін ұсталғаны анықталды

Қандай байланысы бар

«Ресеймен байланысы бар»: Ерлан Қожағапановтың не үшін ұсталғаны анықталды
Фото: total.kz

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің ресми өкілі Арман Тілеукенов жақында ұсталған Ерлан Қожағапановқа қатысты істің жай-жапсарын мәлім етті, деп хабарлайды Qaz365.kz.

«Осы жылдың 1 наурызында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет жасырын іс-шаралардың нәтижелері бойынша, Мәдениет және спорт экс-вице-министрін ауыр жемқорлық қылмыс жасады деген күдікпен ұстады. Коммерциялық ұйымның мүддесі үшін әрекет ете отырып, ол 2018 жылы Петропавл қаласында Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының XV өңіраралық форумының көрмесін ұйымдастыру бойынша шарт жасасуды қолдаған. Бұл ретте форумды өткізу үшін смета 2 есеге өскен. Бұл жағдай бюджет қаражатының негізсіз жұмсалуына әкеліп соқты. Қылмыстық жолмен алынған ақшалай қаражатқа сатып алынған мүлік анықталды және оған тыйым салынды. Күдіктіге қатысты соттың санкциясымен 2 ай мерзімге қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды», – дейді Арман Тілеукенов.

Айта кетейік, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет сотқа дейінгі тергеу аясында ауыр сыбайлас жемқорлық қылмысын жасады деген күдікпен бұрынғы Мәдениет және спорт вице-министрінің ұсталғанын растаған болатын. Қазіргі уақытта күдікті Алматы қалалық ПД-ның уақытша ұстау изоляторында қамауда. 

Ерлан Қожағапанов екі рет Мәдениет және спорт вице-министрі болды. Оның біреуінде спортқа, екіншісінде туризмге жауапты болды. Әр жылдары Астана және Алматы қалалары әкімдерінің орынбасары қызметін атқарды. 2021 жылдың қыркүйегінен 2022 жылдың сәуіріне дейін Премьер-министрдің кеңесшісі болды. Қазақстан футбол федерациясын басқарды.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →