×

Депутат қазақстандық аналарға емделуге бір реттік төлем бөлуді ұсынды

Ол қазір 543 мыңға жуық көпбалалы аналар мұндай төлемдерге мұқтаж екенін айтты

Депутат қазақстандық аналарға емделуге бір реттік төлем бөлуді ұсынды
Фото: parlam.kz

Мәжіліс депутаты Ерлан Саиров Қазақстанда әйелдерге біржолғы төлемді енгізуді ұсынды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Оның айтуынша, елімізде қазірдің өзінде 543 мыңға жуық көпбалалы аналар мұндай төлемдерге мұқтаж.

"Медициналық факт, ана аяғы ауыр кезінде баланың дамуына тым көп кальций жұмсайды, соның салдарынан тістері түсіп қалады. Қазақстанда стоматологиялық қызметтердің бағасы жоғары екенін бәріміз жақсы білеміз. Біріншіден, көпбалалы аналарға тістерін қалпына келтіру үшін біржолғы қаржылық төлемді қалыптастыру қажет", – деді Ерлан Саиров.

Елімізде бір реттік жәрдемақы төленетінін, бірақ оның бала күтімі үшін берілетінін баса айтты. Сондай-ақ, бұл төлемдердің мөлшері басқа елдермен салыстырғанда төмен. Мәселен, 1-3 бала туылғаны үшін қазақстандықтарға 140 мың теңге, төрт және одан да көп бала туғанға 232 мың теңге төленеді.

Ал Ресейде аналық капиталдың мөлшері бірінші балаға 639 мың рубльді құрайды – бұл 3 миллион 195 мың теңге, ал екінші балаға 883 мың рубль – бұл 7 миллион теңге.

"Бұл біздің өтемақымен салыстыруға бола ма? Әрине, жоқ", – деп ашуланды депутат.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Қазақстан мен Әзірбайжан транзиттік әлеуетін арттырады
Бүгін, 20:43

Қазақстан мен Әзірбайжан транзиттік әлеуетін арттырады

Қазіргі уақытта екі ел стратегиялық серіктестікке айналып жатыр
Қазақстанның халықаралық және сыртқы саясатын іске асыру - ел тәуелсіздігінің басты кепілі
Бұл бастама Путиннің АҚШ-қа жасаған ұсынысына балама нұсқа ретінде ұсынылып отыр

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →