×

Мас күйінде көлік жүргізген: Қарағанды облысында әкім ұсталды

Мұндай жағдайдың алғаш рет емес екені айтылды

Мас күйінде көлік жүргізген: Қарағанды облысында әкім ұсталды
Фото: yandex.kz

Қарағанды облысында мас күйінде көлік тізгіндеген аудан әкімі ұсталды, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі Астана арнасына сілтеме жасап.

"Қарағанды облысындағы мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Әдеп жөніндегі кеңесі Бұқар жырау ауданы Ғабиден Мұстафин кентінің әкімі Құсайыновқа қатысты қызметтік әдеп нормаларын бұзу бойынша істі қарады. Кент әкімін атқарып отырған мемлекеттік қызметінен босату ұсынылды", – деді Әдеп жөніндегі кеңес мүшесі, Қарағанды облысы бойынша "Әділдік жолы" РҚБ басшысы Рустам Танишпеков.

Әкімнің мас күйінде көлік тізгіндегені алғашқы рет емес екені белгілі болды.

Бұған дейін шенеунік 2018 жылы Әдеп жөніндегі кеңестің ұсынысы бойынша қызметтік көлікті мас күйінде басқарғаны үшін қатаң сөгіс түрінде тәртіптік жауапкершілікке тартылған.

Сондай-ақ Әдеп жөніндегі кеңестің ұсынысы бойынша 2020 жылы шенеунік жүргізуші куәлігі жоқ болса да, көлік жүргізгені үшін тәртіптік жауапкершілікке тартылған. Бұл үшін әкімге ескерту жасалды.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора
Qaz365.kz редакциясы

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
«Ақырын жүріп, анық бас» саясаты: Өзбекстан ЕАЭО-ға енетін алтыншы мемлекет бола ма
Бүгін, 11:30

«Ақырын жүріп, анық бас» саясаты: Өзбекстан ЕАЭО-ға енетін алтыншы мемлекет бола ма

Өзбекстанда Ресей капиталдың қатысуымен үш мыңнан астам кәсіпорын жұмыс істейді
Ертең Қазақстан астанасында ШЫҰ елдері қорғаныс министрлерінің кездесуі өтеді
Тіл – көптеген мемлекет үшін өзекті мәселенің бірі
Оның өзге әріптестері бұл пікірмен келіспейді

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →