×

Тоқаев Әшімбаевты Сенат Төрағасы лауазымына ұсынды

Президент Әшімбаев бұған дейін осы міндетті абыроймен атқарғанын, заң шығару жұмысын жақсы білетінін атап өтті

Тоқаев Әшімбаевты Сенат Төрағасы лауазымына ұсынды
parlam.kz

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Мәулен Әшімбаевты Сенат Төрағасы қызметіне ұсынды, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Өздеріңіз білесіздер, менің Жарлығыммен Мәулен Сағатханұлы Әшімбаев Сенат депутаты болып тағайындалды. Конституцияның 58-бабының 1-тармағына сәйкес Сенат Төрағасы лауазымына Мәулен Сағатханұлы Әшімбаевтың кандидатурасын ұсынамын.

Ол бұған дейін осы міндетті абыроймен атқарды. Заң шығару жұмысын жақсы біледі. Мемлекеттік қызметтегі тәжірибесі мол. Сондықтан, оны Сенат Төрағалығына лайықты деп санаймын. Сенаттың қызметі табысты болсын! Баршаңызға амандық тілеймін!", - деді Президент.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Анталия форумы және Қазақстанның сыртқы саясаттағы рөлі
Кеше, 21:35

Анталия форумы және Қазақстанның сыртқы саясаттағы рөлі

Форум Қазақстанға жаңа серіктестік бағыттарын дамытуға мүмкіндік береді
Партияның ұйымдастыру комитеті ресми түрде қызметін бастап кетті
Жуырда партияның құрылтай съезін өткізу жоспарланып отыр

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →