×

Зеленский “Украинаның Қазақстандағы елшісі етпек болған” Гайдайды басқа қызметке тағайындады

Украина президенті Владимир Зеленскийдің 15 наурызда сондай бұйрық шығарған

Зеленский “Украинаның Қазақстандағы елшісі етпек болған” Гайдайды басқа қызметке тағайындады
pravda.com.ua

Луганск облыстық мемлекеттік әкімшілігінің бұрынғы басшысы Сергей Гайдай Украинада Закарпат облысы Мукачев аудандық мемлекеттік әкімшілігінің төрағасы болып тағайындалды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Украина президенті Владимир Зеленскийдің 15 наурызда сондай бұйрық шығарған.

Украинаның Қазақстандағы Дипломатиялық өкілдігі басшысы ретінде ресми Киев Сергей Гайдайды ұсынған еді. Алайда БАҚ мәліметінше, Қазақстан тарапы бұған келіспеген.

Украина ақпарат көзінің хабарлауынша, ресми Киев Луганск облыстық әскери әкімшілігінің басшысы болған Сергей Гайдайды Украинаның Қазақстандағы Дипломатиялық өкілдігі басшысы етіп тағайындалуын мақұлдауды өтінген. Алайда БАҚ-тағы ақпараттарға қарағанда Қазақстан агреман беруге келіспеген. Ақпаратқа сәйкес, қазақ тарапы Қазақстанға Украина жағынан кәсіби дипломаттың келуін өтінген.

2022 жылдың қазанынан бастап Украинаның Қазақстандағы Елшісі лауазымы бос тұр.

Дәл сол уақытта Украина президенті Қазақстанда елші болған Петр Врублевскийді қызметінен босатқан. Бұл ресейшіл БАҚ дипломат блогер Диас Құзайыровқа берген сұхбатының үзіндісін таратқаннан кейін болды. Онда Врублевский "біз қазір орыстарды қаншалықты көп өлтірсек, балаларымыз соншалықты біздің балаларға азырақ өлтіреді"деген тұжырымға келген. Кейіннен Қазақстан СІМ наразылық білдіріп, елші кешірім сұрады.

Ал таяуда Ресей билігі Врублевскийге халықаралық іздеу жариялады.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора
Qaz365.kz редакциясы

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Бағдат Мусин қызметінен босатылды
Кеше, 19:02

Бағдат Мусин қызметінен босатылды

Ол бұл қызметті төрт жылға жуық атқарды
Көлік құралдарына салынатын салық ставкалары төмендетілуі мүмкін
Тиісті бұйрық Ақорда сайтында жарияланды

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →