×

Қазақстанда қалаға айналуы мүмкін ауылдар аталды: тізім

Министр қала болуы мүмкін ауылдар тізімін ұсынды

Қазақстанда қалаға айналуы мүмкін ауылдар аталды: тізім
Фото: instagram.com / uzynagash_akimat

Ұлттық экономика министрлігі Қазақстандағы қала болуы мүмкін ауылдар тізімін ұсынды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Үкімет отырысында ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров ауылдық аумақтарды дамыту туралы баяндама жасады. Оның айтуынша, бүгінде елде 10 мыңнан аса тұрғыны бар 112 ауыл бар. Оның ішінде 18 елді мекенде 30 мыңнан аса адам тұрады. Мәслихаттардың шешімі бойынша, оларға қала мәртебесі берілуі мүмкін.

Қалаға айналуы мүмкін елді мекендердің қатарында Алматы, Жамбыл, Маңғыстау, Қызылорда және Түркістан облыстарындағы ауылдар бар:

  • Қарғалы ауылы (Алматы облысы);
  • Өтеген батыр ауылы (Алматы облысы);
  • Боралдай ауылы (Алматы облысы);
  • Ұзынағаш ауылы (Алматы облысы);
  • Сарыкемер ауылы (Жамбыл облысы);
  • Қордай ауылы (Жамбыл облысы);
  • Жаңақорған ауылы (Қызылорда облысы);
  • Шиелі ауылы (Қызылорда облысы);
  • Әйтеке би ауылы (Қызылорда облысы);
  • Қызылтөбе ауылы (Маңғыстау облысы);
  • Атамекен ауылы (Маңғыстау облысы);
  • Маңғыстау ауылы (Маңғыстау облысы);
  • Басқұдық ауылы (Маңғыстау облысы);
  • Рахат ауылы (Маңғыстау облысы);
  • Бейнеу ауылы (Маңғыстау облысы);
  • Манкент ауылы (Түркістан облысы);
  • Ақсукент ауылы (Түркістан облысы);
  • Қарабұлақ ауылы (Түркістан облысы).

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Тоқаев Орталық Азия мемлекеттері басшыларының VII Консультативтік кездесуіне қатысты
16.11.2025ж. 15:00

Тоқаев Орталық Азия мемлекеттері басшыларының VII Консультативтік кездесуіне қатысты

Қазір Орталық Азия ауқымды трансформация кезеңін өткеріп жатыр
Жоғары мемлекетаралық кеңесі екінші отырысының қорытындысы бойынша Бірлескен мәлімдеме қабылданды
Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, іскерлік топтар арасындағы байланыстарды одан әрі кеңейту қажет.
Өнеркәсіп, құрылыс, мұнай-газ химиясы, қаржы, логистика және туризм салаларында

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →