×

ІІМ экс-министрі Тұрғымбаевтың үстінен қылмыстық іс қозғалды - БАҚ

Бұрынғы Ішкі істер министрі Қаңтар оқиғасынан кейін көп өтпей қызметімен қош айтысқан

ІІМ экс-министрі Тұрғымбаевтың үстінен қылмыстық іс қозғалды - БАҚ

ORDA ақпарат көзі Ішкі істер министрлігінің бұрынғы басшысы Ерлан Тұрғымбаев Қылмыстық кодекстің 361-бабы 1-бөлігі ("лауазымдық өкілеттіктерді теріс пайдалану") бойынша тергеліп жатқанын жазды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Ақпараттық портал Қаңтар оқиғаларына байланысты тергеулердің екінші толқыны бұрынғы министрді ғана емес, Талдықорғанның бұрынғы полиция бастығы Асқар Нұрсапаны және Қарасай ауданының бұрынғы полиция бастығы Болат Тотыбаевты да қамтитынын жазады. Тергеу басталғаннан кейін Тоқтыбаев Қазақстаннан қашып кеткен.

Бас прокуратура БАҚ құралдарына бұл ақпаратты растамаған.

Бұрынғы Ішкі істер министрі Қаңтар оқиғасынан кейін көп өтпей қызметімен қош айтысқан. Президенттің кеңесшісі болған. Осыдан кейін ол ақпарат кеңістігінен жоғалып кетті. Сол жылы тамызда Тоқаев Тұрғымбаевты кеңесші қызметінен босатты.

62 жастағы Тұрғымбаев 2012 жылдан бері ішкі істер министрінің орынбасары болып істеген. Ол әр жылдары тергеуші, тергеу бөлімінің басшысы, Алматы тергеу басқармасының жетекшісі қызметін атқарған. 2006-2012 жылдар аралығында Алматы қалалық ішкі істер департаментін басқарған.

Қаңтар оқиғасы кезінде Қазақстанның өңір-өңірінде құқық қорғау органдары қызметкерлерінің ұсталғандарды азаптау фактілері тіркелді. Дәл сол кезде Тұрғымбаев министр болып тұрған кез еді.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →