×

ІІМ басшысы Сәденов Тұрғымбаевтың үстінен қылмыстық іс қозғалғанын растады

Министр БАҚ өкілдерінің сұрақтарына жауап берді

ІІМ басшысы Сәденов Тұрғымбаевтың үстінен қылмыстық іс қозғалғанын растады
Фото: ашық дереккөзден

ІІМ бұрынғы басшысы Ерлан Тұрғымбаевқа қатысты істі Ішкі істер министрлігі тексермейді. Бұл туралы ведомство басшысы Ержан Сәденов айтты, деп хабарлайды Qaz365.kz.

БАҚ өкілдері Ішкі істер министрі Ержан Сәденовке бұрынғы министр Ерлан Тұрғымбаевқа қатысты қозғалған қылмыстық іс туралы сұрақ қойды.

Алайда министр нақты жауап бермеді.

«Ішкі істер министрлігі тексеріп жатқан жоқ, мен бұл туралы түсініктеме бере алмаймын. Бұл жерде құзырлы органдар тергеу бастады. Бұл соларға арналған сұрақтар. Ішкі істер министрлігі Тұрғымбаевқа қатысты істі тергеп жатқан жоқ», - деді министр.

Еске салайық, Ішкі істер министрлігінің бұрынғы басшысы Ерлан Тұрғымбаев Қылмыстық кодекстің 361-бабы 1-бөлігі ("лауазымдық өкілеттіктерді теріс пайдалану") бойынша тергеліп жатқанын жөнінде ақпарат тараған еді.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →