×

«Күлкілі»: Ермұрат Бапи Самат Әбішке берілген жаза жайлы ақпаратты қайдан алғанын айтты

Депутат үкімді күлкілі жағдай деп есептейді

«Күлкілі»: Ермұрат Бапи Самат Әбішке берілген жаза жайлы ақпаратты қайдан алғанын айтты
Фото: parlam.kz / ашық дереккөзден

19 наурызда әлеуметтік желідегі парақшасында депутат Ермұрат Бапи Самат Әбіштің шартты түрде сотталғанын хабарлады. Ол бүгін журналистерге бұл мәліметті «Дат» газетінен алғанын айтты, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Депутат бұл басылым редакциясына түскен инсайдерлік ақпарат екенін атап өтті.

Ермұрат Бапидың айтуынша, Самат Әбішке тағайындалған үкімді ол күлкілі жағдай деп есептейді.

«Соңғы отыз жыл өмірімде Қазақстан тарихында болмаған. 2005-2006 жылдары 6 жыл шартты мерзімге Мырзахметовты соттаған. 8 жылға шартты мерзім деген бесіктегі бала күлетін жағдай», – деді депутат.

Журналистер одан «Назарбаевтың туысы болғаннан кейін осындай шешім қабылданды деп ойлайсыз ба?» деп сұрады.

Мәжілісмен осындай шешім шыққаны міндетті түрде Назарбаевтың немере інісі болғаннан кейін, екіншіден біз «Ескі Қазақстаннан» әлі де алыстап кете алмағанымыздың белгісі деп санайтынын атап өтті.

Еске салайық, Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының экс-бірінші орынбасары Самат Әбіш билікті асыра пайдаланды деген айыппен 10 жыл мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару құқығынан айыра отырып, 8 жылға шартты түрде бас бостандығынан айырылды.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Тоқаев бетті тұмшалайтын киімге тыйым салатын заңға қол қойды
Кеше, 01:47

Тоқаев бетті тұмшалайтын киімге тыйым салатын заңға қол қойды

Бұл тыйым заңда көзделген ерекше жағдайлардан басқа барлық жағдайларға қолданылады.
Президент Тоқаев тиісті заңға қол қойды
Ресейдің құқық қорғау органдары әзірбайжан азаматтарына ұлтына байланысты қатыгездік көрсеткен.
Осылайша депутаттар екі айлық каникулға кетті.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →