×

Экс-министр Әлібек Қуантыров жаңа қызметке тағайындалды

Бұрынғы министр жаңа қызметке келді

Экс-министр Әлібек Қуантыров жаңа қызметке тағайындалды
Фото: t.me/KZgovernment

Экс-ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров жаңа қызметке тағайындалды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Әлібек Қуантыров «KAZENERGY» Қазақстан мұнай-газ және энергетикалық кешен ұйымдарының қауымдастығы» АА бас директоры болып тағайындалды.

KAZENERGY қауымдастығының төрағасы Мағзұм Мырзағалиев бұрынғы бас директор Кенжебек Ибрашевқа атқарған жұмысы үшін алғыс білдірді.

Әлібек Қуантыров 1983 жылы Атырау қаласында дүниеге келген.

Білімі: Томск мемлекеттік университетін, Мичиган университетін бітірген.

Еңбек жолын 2005 жылы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінде жетекші маманның м.а. болып бастады.

2005-2010 жж. – Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінде түрлі лауазымдарда жұмыс істеді.

2010-2013 жж. – Қаржы министрлігінің Бюджеттік жоспарлау және болжамдау департаменті директорының орынбасары.

2013 ж. – Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Геология және жер қойнауын пайдалану комитеті төрағасының орынбасары.

2013-2019 жж. – Президент Әкімшілігінде түрлі қызметтер атқарды.

2019 жылғы сәуірден қазіргі уақытқа дейін – Тұңғыш Президент – Елбасы Кеңсесінің Ақпараттық-сараптамалық қамтамасыз ету бөлімінің меңгерушісінің орынбасары.

2019 жылдан қазіргі уақытқа дейін Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция вице-министрі қызметін атқарды

2022 жылғы 11 қаңтардан бастап Мемлекет басшысының жарлығымен ҚР Ұлттық экономика министрі болып тағайындалды.

2024 жылғы ақпанда Ұлттық экономика министрі қызметінен босатылды.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
АҚШ 150 елдің тауарларына жаңа импорттық баж салығын енгізуді жоспарлап отыр
17.07.2025ж. 09:09

АҚШ 150 елдің тауарларына жаңа импорттық баж салығын енгізуді жоспарлап отыр

Президенттік қызметке қайта кіріскелі Трамп сыртқы сауда саясатын қатаңдата бастады.
2006 жылдан 2024 жылға дейін бұл бағдарламамен 1,2 миллион адам Ресейге көшіп барған.
Ол 2017 жылдан бері қолданыстағы Салық кодексіне енгізілген түзетулерді қамтиды.
Мен қазіргі немесе бұрынғы ешбір шенеунікпен туыстық байланыста емеспін

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →