×

Елді де, өзгені де мезі қылған Роман Скляр кетсін – Аманжол Әлтай

Депутат қателік жіберген шенеуніктердің жазалану керектігін айтты

Елді де, өзгені де мезі қылған Роман Скляр кетсін – Аманжол Әлтай
Фото: Ақорда / ашық дереккөз

Мәжіліс депутаты Аманжол Әлтай су тасқынына байланысты қателік жіберген шенеуніктер жазалану керектігін айтты. Солардың арасында бірінші вице-премьер Роман Склярды атады, деп хабарлайды Qaz365.kz.

«Елді де, өзгені де мезі қылған Роман Скляр секілді баяғыдан келе жатқандарды орнынан аластайтын уақыт келді. Жалпы, су тасқыны кезінде ақиқаттың өзі бетін ашып бергендей, жергілікті билік өкілдері мен үкіметтің арасында байланыс жоқ екенін байқадық. Сонымен қатар біздегі министрліктердің арасында да тығыз әріптестік орнамаған», - дейді депутат.

Ол су тасқынымен күресуде төтенше жағдай министрлігі, су министрлігі, ауыл шаруашылығы министрлігі секілді мемлекеттік органдар бір-бірімен келісе отырып, күш біріктіріп жұмыс істеу керек деп санайды.

«Өкінішке қарай, бізде ондай жүйе қалыптаспаған. Кеңес үкіметі кезіндегінің бәрін жамандай бермеуіміз керек. Өйткені сол тұста әсіресе, гидратция саласында мықты мамандар болды. Нақты жүйе болды. Көктемгі су тасқына бір жыл бұрын күз айынан бері дайындық шаралары жүйелі жүргізілді. Қазіргі кезде ештеңеге жауап бергіміз келмейді. Қыс келіп қардың астында қалсақ та, ешкім жауапсыз. Көктем келіп, су апаты болса да ешкім жауап беруге құлықсыз. Табиғаттың тосын жағдайы деп құтылып кетеді. Бұлай аузымызды құрғақ шөппен сүртіп отыра бергеніміз жарамайды», - дейді Аманжол Әлтай.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
АҚШ 150 елдің тауарларына жаңа импорттық баж салығын енгізуді жоспарлап отыр
17.07.2025ж. 09:09

АҚШ 150 елдің тауарларына жаңа импорттық баж салығын енгізуді жоспарлап отыр

Президенттік қызметке қайта кіріскелі Трамп сыртқы сауда саясатын қатаңдата бастады.
2006 жылдан 2024 жылға дейін бұл бағдарламамен 1,2 миллион адам Ресейге көшіп барған.
Ол 2017 жылдан бері қолданыстағы Салық кодексіне енгізілген түзетулерді қамтиды.
Мен қазіргі немесе бұрынғы ешбір шенеунікпен туыстық байланыста емеспін

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →