×

«Менің қолымнан келетін сұрақты ғана қойшы!»: Бозымбев Арқалық халқымен кездесті

Тұрғындардың кейбір сұрақтары вице-премьерге ұнамады

«Менің қолымнан келетін сұрақты ғана қойшы!»: Бозымбев Арқалық халқымен кездесті
Видеодан скриншоттар

Су тасқынына қарсы іс-шараларды үйлестіру және су тасқыны кезеңінің зардаптарын жою жөніндегі республикалық штаб басшысының орынбасары, вице-премьер Қанат Бозымбаев пен төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов Қостанай облысы, Арқалық қаласының тұрғындарымен кездесті, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Су тасқынына қарсы шараларды үйлестіру және қарғын су жүру кезеңінің салдарын жою жөніндегі облыстық жедел штаб Арқалық қаласында орналасқан. Сол жерде Астанадан келген шенеуніктер халықпен кездесті. Тұрғындардың кейбір сұрақтары вице-премьерге ұнамады.

«Президентіміз сенім артқан соң, осындай жағдайға барып, сізді қойды деп ойлаймын. Бізде елімізге зиян келтіріп жатқан оқымысты көп. Ұлтқа қызмет ететін мінезді адамдар жетіспейді. Қарным ашқаннан емес, қадірім қашқаннан жылағым келеді. Сізде осы билікте жүргеніңізге 30 жыл болды ғой. Елді қайда апардыңыздар? Суға ағып кеткен елді қараңыздаршы? Біздің халық қайыршы күйге түсті. Үйлеріне барсаң жылағын келеді», - деді Арқалық қаласы тұрғындарының бірі.

Осы жерде Қанат Бозымбаев сөзге араласып:

«Бауырым, маған нақты не айтқың келеді?! Саясат туралы айтпай-ақ қойыңыз. Менің қолымнан келетін нақты сұрақ айтыңыз» деді.

Ал тұрғын судан зардап шеккен 37 үйді қайтадан салып беруді сұрады.

«Тоқташы, мен саған айттым ғой. Комиссия келеді, егер 40 немесе 37 үй тұруға болмайды десе, онда салып береміз. Тағы бес рет айтайын ба?» - деді вице-премьер.

Қанат Бозымбаев Қостанай облысына жасаған сапарында төтенше жағдай жарияланған Амангелді, Жангелді аудандары мен Арқалық қаласындағы жағдаймен танысты. Қостанай облысының оңтүстігіндегі 75 жеке тұрғын үйді су басқан. 13 су шайған және 7 бүлінген жол (1 көпір,  6 жол жамылғысы) бақылауда. 12 елді мекенде көлік қатынасы жоқ. 1,2 мың адам эвакуацияланды, олардың 408-і балалар.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора
Qaz365.kz редакциясы

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Бағдат Мусин қызметінен босатылды
30.04.2024ж. 19:02

Бағдат Мусин қызметінен босатылды

Ол бұл қызметті төрт жылға жуық атқарды
Көлік құралдарына салынатын салық ставкалары төмендетілуі мүмкін
Тиісті бұйрық Ақорда сайтында жарияланды

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →