×

Бишімбаевқа қарап, мемлекеттік қызметкерлерге баға беруге болмайды – Мәулен Әшімбаев

Ол бұл жүйеде айтарлықтай прогрессивті және лайықты адамдар жұмыс істейтінін айтты

Бишімбаевқа қарап, мемлекеттік қызметкерлерге баға беруге болмайды – Мәулен Әшімбаев
Фото: ашық дереккөзден / jogargy_sot

Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев 2024 жылдың 11 сәуірінде палата отырысында Ұлттық экономиканың экс-министрі Қуандық Бишімбаевқа қатысты іс мемлекеттік аппаратқа көлеңке түсірмей ме деген сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Мәулен Әшімбаев Бишімбаевтың Ұлттық экономика министрі қызметін ұзақ уақыт атқарғанын еске салды.

«Бишімбаевқа қарап, бүгінде мемлекеттік қызметте жұмыс істеп жатқан адамдарға жалпылама баға берудің қажеті жоқ деп ойлаймын. Бұл дұрыс емес. Бишімбаев өз әрекетіне еліміздің заңнамасына сәйкес жеке өзі жауап берсін»,- деді Мәулен Әшімбаев.

Ол бұл жүйеде айтарлықтай прогрессивті және лайықты адамдар жұмыс істейтінін айтты.

2023 жылы 9 қарашада бұрынғы Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев әйелін өлтірді деген күдікпен ұсталды. Қайғылы оқиға елордадағы «Бау» мейрамханасында болды.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Президент Қарағанды облысының әкіміне сөгіс жариялады
01.11.2024ж. 11:12

Президент Қарағанды облысының әкіміне сөгіс жариялады

Бұған дейін Саран қаласының әкімі қызметінен босатылған
Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды «Жұмысшы мамандықтары жылы» деп жариялады
Қазіргі таңда 8 млн 400 мың қазақстандықтың несиесі бар

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →