×

«Иманды адам жемқорлыққа бармайды». Депутат жемқорлықпен күресудің тиімді жолын айтты

Депутат жемқорлық күресудің тиімді жолын ұсынды

«Иманды адам жемқорлыққа бармайды». Депутат жемқорлықпен күресудің тиімді жолын айтты
Фото: parlam.kz

Жемқорлықпен күресуде діннің рөлі маңызды. Бұл туралы Жетісу облысында  «Дін саласындағы мәселелерді зерттеу және оңалту орталығында» директор орынбасары қызметін атқарған, қазір Мәжіліс депутаты болып жүрген Наурыз Сайлаубай айтты, деп хабарлайды Qaz365.kz.

«Әлемде үш негізгі дін бар: Христиан, Ислам, Яхудизм. Мысал үшін, діннің пайғамбары, кітабы болуы керек, соны біз дін деп санай аламыз. Ал қалғандарын кейбірі мәдениет деп қабылдайды, басқа бір дінге қатысы бар миссионерлік жолмен жүрген азаматтардың жолын кейбір адамдар дін деп санаса, енді бірі оны әдет-ғұрып ретінде түсінеді. Қай дін, қай мәдениетті алсақ та және Библияны, Тауратты, Құранды оқысаңыздар да, олар жемқорлыққа немесе қоғамға зиян тигізетін басқа да жаман нәрсеге итермелемейді. Барлық дін имандылыққа шақырады. Біз, қазақтар иманды адам автоматты түрде патриот болады дейміз. Ал патриот адам жемқорлыққа бара ма? Бармайды», - дейді Наурыз Сайлаубай.

Ол сондықтан жемқорлыққа барған адам патриоттығы жоқ, соған ұштастырып алсақ, имандылығы жоқ адам деген сөз деп отыр. 

«Дегенмен, мәселе адамның сана-сезіміне, түйсігіне байланысты деп ойлаймын, дінді одан бөлек алып қарау керек. Өйткені ораза ұстағандардың арасында да жемқорлық жасағандары бар. Ол өтірік емес. Бірақ дін мұндай әрекетке бармау керектігін үйретеді. Мысалы, 30-70 жыл намаз оқып келіп, сол жерден тайып, жемқорлық жасайтын адамдар бар немесе өмір бойы намаз оқымағанымен, жемқорлық жасамайтын адамдар бар. Ислам дініне қатысты айтар болсақ, мұнда жемқорлық харам және харам жолмен келген нәрсе адал емес саналады. Біреудің аузынан жырып алған дүниені өз балаңа тамақ қылып берсең, оны ішкен-жеген бала харамға жақын болады деген түсінік бар», - дейді депутат.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Сыздықбеков мемлекетке қайтарғысы келетін Шымкенттегі су компаниясының қарызын кім өтейді
22.11.2024ж. 17:35

Сыздықбеков мемлекетке қайтарғысы келетін Шымкенттегі су компаниясының қарызын кім өтейді

Компанияның банк алдындағы 12 млрд теңге қарызы өтелмеген.  
Жемқорлықпен күресу жалғыз менің емес – барлық ел басшыларының міндеті
Бүгін Шымкент қаласында республикалық брифинг өтіп жатыр
Жаңа вице-министр бүгінгі Үкімет Қаулысымен тағайындалды

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →