×

Министр Шарлапаев утиль алымға қатысты соңғы шешімді айтты

Утилизациялық алымды азайту мәселесіне қатысты өзгеріс бола ма

Министр Шарлапаев утиль алымға қатысты соңғы шешімді айтты
Фото: primeminister.kz

Бүгін Мәжілістегі үкімет сағатына Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев келген. Тілшілер кулуарда министрден тағы да утилизациялық алымды азайту мәселесіне қатысты өзгеріс бола ма деп сұрады, деп хабарлайды Qaz365.kz.

«Осы сұраққа мен бірнеше рет жауап бердім. Қазіргі таңда утилизациялық алымға қатысты ешқандай өзгеріс жасамаймыз. Мемлекетте ондай жоспар жоқ. Журналистер осы сұрақты жиі қойып тұрады. Бірақ тағы да қайталап айтамын: ешқандай өзгеріс болмайды», – деді Қанат Шарлапаев.

Бұған дейін де Қанат Шарлапаев журналистерге Қазақстанда утильалымы өзгеріссіз қалатынын мәлімдегені бар.

Төменгі палатада осы мәселені көтеріп жүрген депутат Нартай Аралбайұлы жақында министрге ойлануға кеңес берген болатын.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора
Qaz365.kz редакциясы

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Семейдің жылумен жабдықталуы Үкімет назарында
Кеше, 18:26

Семейдің жылумен жабдықталуы Үкімет назарында

Қазіргі күнде ЖЭО-1 нысанындағы жөндеу жұмыстары қалыпты жүріп жатыр деуге болады
Мемлекеттік орман күзеті қызметкерлерінің жалақысы 100%-ға көтерілді
Ғылым академиясында тамыз-қыркүйекте сайлаудың жаңа циклы өтеді

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →