×

Утилалымды тоқтату туралы комиссия құрамы бекітілді

Жұмыс тобының құрамын бекітілді

Утилалымды тоқтату туралы комиссия құрамы бекітілді
Фото: ашық дереккөзден

ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі ҚР ӘРПК-нің 90-5-бабының 2-тармағына сәйкес утиль алымы бойынша петицияны қарайтын жұмыс тобының құрамын бекітті, деп хабарлайды Qaz365.kz.

«Жұмыс тобының құрамына ҚР Парламенті депутаттары, ҚР өнеркәсіп және құрылыс, экология және табиғи ресурстар, қаржы, ауыл шаруашылығы, цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі, мәдениет және ақпарат вице-министрлері, сыртқы істер министрінің орынбасары, басқа да мүдделі мемлекеттік органдардың өкілдері кірді. Сонымен қатартоп құрамына петицияның бастамашысы, сондай-ақ бірқатар қоғамдық бірлестіктердің, сарапшылық қоғамдастықтың және өнеркәсіп секторының өкілдері де қосылды», – делінген хабарламада.

Айта кетейік, утильалымды тоқтату керек деген петицияға 50 мыңнан астам адамның қолы жиналған. 

ҚР АПК-нің 90-4-бабына сәйкес 50 000 қол қою шегіне жетуіне байланысты өтініш Қазақстан Республикасы Индустрия және құрылыс министрлігіне өз құзыреті шегінде қарау үшін жолданды. ҚР АПК 90-5 тармағына сәйкес келіп түскен өтінішті қарау мерзімі тіркелген сәттен бастап 40 жұмыс күніне дейін.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Индустрия министрлігіне қайта өңдеуге қатысты үндеуде небәрі 13 күнде 44 мың қол жиналғанын жазған болатынбыз. Петицияның өзі 10 наурызда басталған. Оның авторы – қоғам қайраткері, «Утилалымға жол жоқ!» қозғалысының жетекшілерінің бірі –Санжар Боқаев.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Тоқаев Орталық Азия мемлекеттері басшыларының VII Консультативтік кездесуіне қатысты
16.11.2025ж. 15:00

Тоқаев Орталық Азия мемлекеттері басшыларының VII Консультативтік кездесуіне қатысты

Қазір Орталық Азия ауқымды трансформация кезеңін өткеріп жатыр
Жоғары мемлекетаралық кеңесі екінші отырысының қорытындысы бойынша Бірлескен мәлімдеме қабылданды
Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, іскерлік топтар арасындағы байланыстарды одан әрі кеңейту қажет.
Өнеркәсіп, құрылыс, мұнай-газ химиясы, қаржы, логистика және туризм салаларында

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →