×

Неге қит етсе халықты қанаймыз – депутат Зайытов утильалымға қарсы петицияға қосылатынын мәлімдеді

Зайытов комитетте әріптесі Нартай Аралбайұлы осы мәселемен айналысып жатқанын айтты

Неге қит етсе халықты қанаймыз – депутат Зайытов утильалымға қарсы петицияға қосылатынын мәлімдеді
Фото: Мәжіліс

Парламент Мәжілісінің депутаты Ринат Зайытов шетелден кіргізілетін көліктер үшін төленуі тиіс утилизациялық алым мен бастапқы тіркеу құнына байланысты позициясын білдірді. Ол утильалымға қарсы петицияға қол қойғанын айтады, деп хабарлайды Qaz365.kz.

«Мен қарсы петицияға қосылғанмын. Утильалымның нәтижесі қайда? Ақшасы қайда кетіп жатыр? Зауыттар қайда? Содан кейін оны қалай есептеп отыр? Неге біз қит етсе халықты қанай береміз? Ауыл шаруашылығы техникасына ең болмаса, рұқсат етсін деді ғой. Бұл ауыл шаруашылығы саласына да үлкен бөгет жасап отырған нәрсе ғой», - дейді ол.

Ринат Зайытов комитетте әріптесі Нартай Аралбайұлы осы мәселемен айналысып жатқанын айтты. 

«Өзіміздің де кірген комиссиямыз көп болып тұр. 50 мың адам наразылғын басқаша білдірсе не істейміз? Қазір бұрынғыдай халықтың бетіне түкіріп қойып отыра беретін заман емес қой!? Олар (үкімет мүшелері) заң жүзінде осындай деп әңгіме айтар. Ал нәтиже қайда? Көрсетсінші, біз де келісейік», - дейді Зайытов.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Тоқаев бетті тұмшалайтын киімге тыйым салатын заңға қол қойды
Бүгін, 01:47

Тоқаев бетті тұмшалайтын киімге тыйым салатын заңға қол қойды

Бұл тыйым заңда көзделген ерекше жағдайлардан басқа барлық жағдайларға қолданылады.
Президент Тоқаев тиісті заңға қол қойды
Ресейдің құқық қорғау органдары әзірбайжан азаматтарына ұлтына байланысты қатыгездік көрсеткен.
Осылайша депутаттар екі айлық каникулға кетті.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →