×

Кәрім Мәсімов президенттен рақымшылық жасауды өтінді

Ол Астанадағы ҰҚК тергеу изоляторында отыр

Кәрім Мәсімов президенттен рақымшылық жасауды өтінді
Фото: ашық дереккөзден

Мемлекетке опасыздық жасағаны үшін сотталған ҰҚК экс-төрағасы Кәрім Мәсімов президенттен рақымшылық жасауды сұрап, өтініш жолдады, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Қазір Мәсімов Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің қаулысы негізінде Астанадағы ҰҚК тергеу изоляторында отыр. Рақымшылық туралы өтінішті ол биыл наурыз айында берген.

«Шынымен де, ол осы мекемеден 2024 жылғы наурызда Қазақстан Республикасы президентінің атына рақымшылық туралы өтініш жіберді», - деп мәлімдеді ҰҚК.

Мәсімовке қатысты Қылмыстық кодекстің тағы екі бабы – қылмыстық жолмен алынған ақшаны және өзге де мүлікті заңдастыру және аса ірі көлемде пара алу бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.

Еске салайық, былтыр Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы төрағасы Кәрім Мәсімов қаңтар оқиғасы бойынша сотталды. Ол мемлекетке опасыздық жасағаны және билікті басып алмақ болғаны үшін 18 жылға бас бостандығынан айырылды.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора
Qaz365.kz редакциясы

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Семейдің жылумен жабдықталуы Үкімет назарында
Кеше, 18:26

Семейдің жылумен жабдықталуы Үкімет назарында

Қазіргі күнде ЖЭО-1 нысанындағы жөндеу жұмыстары қалыпты жүріп жатыр деуге болады
Мемлекеттік орман күзеті қызметкерлерінің жалақысы 100%-ға көтерілді
Ғылым академиясында тамыз-қыркүйекте сайлаудың жаңа циклы өтеді

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →