×

Алматыда «чипсы» шығаратын зауыт ашылады – премьер-министр

Компания жобаны қысқа мерзімде іске асыруға мүдделі

Алматыда «чипсы» шығаратын зауыт ашылады – премьер-министр
Фото: primeminister.kz

Олжас Бектенов Ресей, Беларусь, Кавказ, Орталық Азия елдеріндегі PepsiСo азық-түлік өнеркәсібі саласындағы ірі трансұлттық корпорациясының президенті Давид Манзинимен кездесу өткізді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен PepsiCo президенті Рамон Лагуарта арасында қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асыру мәселесін талқылады, деп хабарлайды Qaz365.kz Үкімет сайтына сілтеме жасап.

Алматы облысында «Lays» қытырлақ картоптары секілді тұзды жеңіл тағамдар өндіретін зауыт салу жобасы талқыланды. Бүгінгі таңда снектер шығаратын толыққанды жаңа зауытқа $160 млн көлеміндегі шетелдік жеке инвестициялар бөлінді.

Өндірісті локализациялау және инновациялық технологиялар трансфері қазақстандық ауыл шаруашылығы өнімдерін терең өңдеудің жаңа деңгейіне өтуге мүмкіндік беретінін атап өткен жөн.

Бұл іске қосылғаннан кейін Орталық Азиядағы ең ірі жоба болмақ. Зауытты 2026 жылы іске қосу көзделген, оның қуаттылығы жылына 16 мың тоннаға дейін дайын өнімді құрайды. 2027 жылдан бастап 21 мың тоннаға дейін ұлғайтылады. Дайын өнім Орталық Азия нарығына және одан тысқары жерлерге жеткізіледі. Құрылыс кезеңінде мыңға жуық адам тартылады, ал жобаның өзінде 350-ге жуық білікті маманға арналған жұмыс орнын ашу жоспарланып отыр.

Давид Манзини жобаны жүзеге асыру барысында компания негізінен жергілікті шикізатты сатып алуға ниетті екенін айтты. Қазақстандық фермерлермен картоптың сынақтық партияларын жеткізуге келісімшарттар жасасу бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр. 2026-2030 жылдары 50-66 мың тоннаға жуық картоп сатып алу, кейінірек көлемді одан әрі ұлғайту жоспарда бар. Жаңа зауыттың қалдықтары 100% қайта өңделіп, кәдеге жаратылады.

Компания жобаны қысқа мерзімде іске асыруға мүдделі.

Үкімет басшысы Олжас Бектенов бұл жобаның ауыл шаруашылығын дамыту, қазақстандық шаруалардың табысын арттыру және экономиканы нығайту үшін маңыздылығын атап өтті.

«АҚШ – Қазақстанның маңызды инвестициялық серіктесінің бірі. Қазақстан PepsiCo секілді стратегиялық инвесторлармен ұзақмерзімді ынтымақтастыққа мүдделі. Біз инвестицияларды қорғау бойынша міндеттемелерді сақтаймыз және қажетті қолдау көрсетуге дайынбыз», – деп атап өтті Олжас Бектенов.

Зауыт Үкіметтің ерекше бақылауындағы басым инвестициялық жобалар пулына енгізілген. Жалпы, осы жылдың бірінші тоқсанының қорытындысы бойынша пул 122,5 мың жұмыс орнын ашатын, 32 трлн теңгені құрайтын 704 жобадан тұрады.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар Қазақстанның азық-түлік әлеуетін арттыруға ықпал ететін жаңа жобаларды жүзеге асыру бойынша өзара іс-қимылды кеңейту және ұзақмерзімді ынтымақтастықты құру ниетін растады.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Сенат Республикалық бюджет туралы заңды Мәжіліске қайтарды
Бүгін, 13:52

Сенат Республикалық бюджет туралы заңды Мәжіліске қайтарды

Сенатта 2025 жылы шығыстарды 60 млрд теңге сомаға ұлғайту қолдау тапты
Ол құқық қорғау органдары бұл іс бойынша тергеу жүргізіп жатқанын айтты
Қаржы министрі журналистердің сұрақтарына жауап берді

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →