×

«Қазақстанның ұпайын жыққысы келетіндер бар»: Айдос Сарым Украинада жараланған журналистке қатысты пікір білдірді

Мәжіліс депутаты пікір білдірді

«Қазақстанның ұпайын жыққысы келетіндер бар»: Айдос Сарым Украинада жараланған журналистке қатысты пікір білдірді
Фото: Informburo.kz

Киевте журналист Айдос Садықовқа оқ атты деген күдікке екі Қазақстан азаматы іліккен. Оның бірі полиция қызметкері болған. Осыдан кейін бұл тапсырыс емес деген сөздер тараған. Бұған қатысты Мәжіліс депутаты Айдос Сарым пікір білдірді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

«Ішкі істер министрлігінің пікірін оқыдым. Жекелеген тұлға болса екі нәрсеге назар аудару керек секілді. Толыққанды Украинаның күштік құрлымдарымен және керек болса интерпол секілді беделді қоғамдық тергеу ұйымдарымен жұмыс істеу қажет. Эмоционалды әңгімелер артықтау. Ешқандай дәлелсіз бір институтқа немесе мемлекетке қара жағу дұрыс емес. Екіншіден, өзім де тез ашылатын қылмыс шығар деп ойлағанмын. Видеокамера, интернет бар. Талай жыл арнаны көріп келген адам ретінде азаматтардың беделіне, мекемелерге де қатысты құжаттар шығып жатыр. Олардың да қатысуы мүмкін. Бүгінгі Қазақстанның ұпайын жыққысы келетін күштер жоқ емес. Тергеудің нәтижесін күтейік», - дейді Айдос Сарым.

Айта кетейік, бүгін Айдос Садықовтың жұбайы Наталья Садықова Украина полициясы шабуыл жасаған күдіктілерді анықтағанын хабарлады. Олар 33 жастағы Мейрам Қаратаев және 36 жастағы Алтай Жақанбаев есімді Қазақстан азаматтары. Садықованың жазуынша, күдіктілер 2 маусымда тапсырыс алып, сол уақыттан бастап Айдос Садықовты бақылап жүрген. 

Қазақстан ІІМ Мейрам Қаратаевтың 2019 жылғы қаңтарда Ішкі істер органдарындағы жұмысынан босатылғанын, қазіргі уақытта полиция қызметкері емес екендігін мәлімдеді.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора
Qaz365.kz редакциясы

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Кәрім Мәсімовке рақымшылық беріле ме?
Кеше, 14:41

Кәрім Мәсімовке рақымшылық беріле ме?

Мәсімовтің кешірім беру туралы өтініші 27 маусымда кешірім беру мәселелері жөніндегі комиссияда қаралды
Дәрігер емделушісінің медициналық картасындағы мәліметтерге сүйенген

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →