×

Қазақстанда зейнетақы жинағын ерте шешіп алу тоқтатылуы мүмкін

3 трлн теңгеден астам қаражат зейнетақы қорынан ерте шешіліп алынған

Қазақстанда зейнетақы жинағын ерте шешіп алу тоқтатылуы мүмкін
Фото: ашық дереккөзден

Елде кейбір сарапшылар зейнетақы қорындағы жинақты ерте шешіп алуды тоқтатуды ұсынды. Осыған орай Еңбек және халықты әлеуметтік қолдау министрі Светлана Жақыпова пікір білдірді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

«Базалық зейнетақы төлемін басқаша есептеу тәсілімен келісеміз. Біздің ұсыныс, зейнетақы ең төменгі еңбекақының 60%-н құрауы керек. Екінші, ол сарапшылардың ұсынысы, яғни зейнетақы қорынан жинақты ерте шешіп алуды тоқтату, біз бұнымен де келісеміз. Қазір көріп отырғанымыздай, ерте шешіп алғандардың зейнетақысы 34 мың теңгеден аспайды, сондықтан оны доғару керек», – деді Светлана Жақыпова Үкімет үйі қабырғасында БАҚ өкілдерінің сауалына жауап бере тұрып.

Министрдің сөзінше, 3 трлн теңгеден астам қаражат зейнетақы қорынан ерте шешіліп алынған.

«Былай қарасақ, 1,5 млн адам зейнетақы төлемдерімен қамтылды, 3 трлн теңгеден астам қаржы зейнетақы қорынан шығарылды. Ол қаржыға адамдар үй жағдайларын жақсартты, денсаулығын емдеді. Сондықтан бекер жұмсалды деуге болмайды», – дейді ол.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Тоқаев Қауіпсіздік кеңесінің отырысын өткізді
Кеше, 13:23

Тоқаев Қауіпсіздік кеңесінің отырысын өткізді

Адам капиталын арттыруды ынталандыру қажеттігіне назар аударды.
Бұл тыйым заңда көзделген ерекше жағдайлардан басқа барлық жағдайларға қолданылады.
Президент Тоқаев тиісті заңға қол қойды
Ресейдің құқық қорғау органдары әзірбайжан азаматтарына ұлтына байланысты қатыгездік көрсеткен.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →