×

Аманжол Әлтай: Әуекомпанияларды ұшаққа домбыра кіргізуге міндеттейміз

Домбыраны ұшаққа кіргізбей, арты дауға ұласып жатқан жағдайлар көп

Аманжол Әлтай: Әуекомпанияларды ұшаққа домбыра кіргізуге міндеттейміз
Фото: azattyq-ruhy.kz

Домбыраны ұшаққа кіргізбей, арты дауға ұласып жатқан жағдайлар көп. Былтыр депутат Ринат Зайытов осы мәселені шешпесеңдер әуежайдың алдында мың домбырашыны апарып, күй тартқызамыз дегені бар еді. Тағы бір айтыскер ақын, депутат Аманжол Әлтай да өз көзқарасын білдірді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

«Мұның бәрі қабырғамызға батады. Енді бүгінгі таңда жас ұрпақты қазақтың қасиетті аспабы домбыраны танып білуге, үйренуге бағытталған жұмыстар жүргізілуі тиіс. Менің депутаттық сауалыма берген Мәдениет және ақпарат министрінің жауабында мектеп қабырғасынан бастап, үйірмелердің ашылып жатқаны айтылған. Авиакомпаниялар домбыраны бірге алып жүруге рұқсат етпейді, багажға салсаңыз сынып қалады. Ол арзан аспап емес. Өнер адамының жан серігіне айналған құрал. Сондықтан алдағы уақытта осыны түбегейлі шешуіміз керек. Жеке авиа компаниялар айтқанымызға көніп, айдағанымызға жүре бермейді. Ең бастысы, дұрыс әділетті шешім қабылдауға ықпал етеміз деп ойлаймын», – дейді Аманжол Әлтай.

Айта кетейік, былтыр депутат Ринат Зайытов: «Егер рұқсат берілмесе, қолдарыңыздан келмесе, онда Астана мен Алматы әуежайына жоқ дегенде мың домбырашыны қойып, Адай күйін орындап, жалынып сұрайық» деген еді.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора
Qaz365.kz редакциясы

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
«Дүкен сөрелерінде импорттық тауарлар басым»: Отандық азық-түлік өндірушілері Үкіметтен қолдау таппақ
17.07.2024ж. 15:15

«Дүкен сөрелерінде импорттық тауарлар басым»: Отандық азық-түлік өндірушілері Үкіметтен қолдау таппақ

Заң жобасы күзде талқылау үшін және дауыс беру үшін Мәжіліске жіберілетін болады
Ол заңсыз әрекеттердің алдын алмақ

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →