×

Си Цзиньпин ресми сапармен Қазақстанға келді

Сапар аясында жоғары деңгейде екіжақты келіссөздер жүргізіледі деп жоспарланып отыр

Си Цзиньпин ресми сапармен Қазақстанға келді
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанға мемлекеттік сапармен келген ҚХР төрағасы Си Цзиньпинді елорда әуежайында қарсы алды, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасай отырып.

Мәртебелі қонақты салтанатпен қарсы алу үшін әуежайда Құрмет қарауылы ротасы сап түзеп тұрды.

Сондай-ақ Қазақстан мен Қытай халықтарының шынайы достығының белгісі ретінде балалар екі елдің жалауын желбіретіп, қошемет көрсетті.

Балалар Төраға Си Цзиньпин бастаған ҚХР делегациясына ілтипат білдіріп, қытай тілінде ән шырқады.

Сапар аясында жоғары деңгейде екіжақты келіссөздер жүргізіледі және бірқатар маңызды құжатқа қол қойылады деп жоспарланып отыр.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора
Qaz365.kz редакциясы

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Бұқтырма су қоймасы арқылы өтетін ең ұзын көпір ашылды
21.10.2024ж. 15:00

Бұқтырма су қоймасы арқылы өтетін ең ұзын көпір ашылды

Бұқтырма су қоймасы арқылы өтетін көпір логистикалық бағыттарды жақсартып, шекаралас елдермен үздіксіз байланысты қамтамасыз етеді
Ол Сыртқы істер министрлігін Қырғызстанның мүдделерін белсендірек дипломатиялық қорғауға шақырды
Ресейдің әскери тұрғыдан жеңілмейтіні анық - Қасым-Жомарт Тоқаев

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →