×

Қоянбаев Түркістан облысымен әкімімен қанша жалақыға келіскені белгілі болды

Желіде бұған қатысты әр түрлі пікірлер айтылуда

Қоянбаев Түркістан облысымен әкімімен қанша жалақыға келіскені белгілі болды
Фото: әлеуметтік желіден

1 шілдеде белгілі әзілкеш Нұрлан Қоянбаев Түркістан облысы әкімінің штаттан тыс кеңесшісі қызметіне тағайындалды. Желіде бұған қатысты әр түрлі пікірлер айтылуда. Осы ретте Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды пікір білдірді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

«Штаттан тыс кеңесші. Ешқандай айлық төленбейді. Қайта біз оның тәжірибесін пайдаланбақшымыз. Қоянбаев туристерді тарту, креативті индустрияны дамытуға қатысты кеңестерін береді.  Тәжірибесі бар жігіт. Тегін істеу келісті. Түркістан облысына пайдасы тиетін кез келген адаммен жұмыс істеймін», - дейді Дархан Сатыбалды.

Нұрлан Қоянбаев 1979 жылы 19 шілдеде Қызылорда облысында дүниеге келген. 1996-2000 жылдары әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің тарих факультетінде білім алған.
2009-2011 жылдары экономика және құқық академиясының қаржы және несие факультетінде, 2012-2015 жылдары ҚазҰУ-де халықаралық қатынастар мамандығы бойынша магистратурада білім алған.

Бұған дейін Қоянбаев президент телерадиокешенінің шығармашылық директоры, "Қазақстан" ұлттық телеарнасының бас продюсері қызметтерін атқарған. 2021 жылы президент жарлығымен "Шапағат" медалімен марапатталды.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Сенатта 2025 жылы шығыстарды 60 млрд теңге сомаға ұлғайту қолдау тапты
Ол құқық қорғау органдары бұл іс бойынша тергеу жүргізіп жатқанын айтты
Қаржы министрі журналистердің сұрақтарына жауап берді

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →