×

Қытай әрқашан Қазақстанға сенімді тірек болатынын мәлімдеймін – Си Цзиньпин

Си Цзиньпин қазақ жерінде құрмет көрсеткені үшін Қазақстан президентіне алғыс айтты

Қытай әрқашан Қазақстанға сенімді тірек болатынын мәлімдеймін – Си Цзиньпин
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин шағын құрамда келіссөз жүргізді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Си Цзиньпин қазақ жерінде құрмет көрсеткені үшін Қазақстан президентіне алғыс айтты.

“Құрметті Президент мырза, қымбатты досым! Менің сапарыма мән беріп отырғаныңызға ризашылығымды білдіремін. Сіз Мемлекет басшысы қызметіне кіріскен сәттен бастап реформалар мен елдің дамуын белсенді әрі мақсатты түрде ілгерілетіп келесіз. Ішкі және сыртқы саясатта тиімді шаралардың тұтас топтамасын қабылдадыңыз. Соның нәтижесінде еліңіздің жалпы қуаты мен халықаралық беделі айтарлықтай артты. Тату көрші ретінде біз бұл жетістіктерге шын жүректен қуанамыз. Былтыр екеуіміз Сиань мен Бейжіңде екі рет кездесіп, жаңа жоспарларды белгіледік.

Сондай-ақ "алтын отыз жылдықта" қытай-қазақ қатынастарын қарқынды дамытудың негізгі бағыттарын айқындадық. Қытай Қазақстанмен арадағы қарым-қатынасты әрдайым стратегиялық тұрғыдан және ұзақмерзімді перспектива деңгейінде қарастыратынын растағым келеді. Сондай-ақ көршілес елдерге қатысты ұстанатын өзінің сыртқы саясатында Қазақстанға басымдық береді және Орталық Азиядағы маңызды серіктес ел санайды. Қытай-қазақ байланыстарын қамтамасыз етуде біздің ерік-жігеріміз бен ұстанымымыз өзгермейді және конъюнктуралық ықпалға ұшырамайды. Қытай әрқашан Қазақстанға сенімді тірек болатынын мәлімдеймін”, – деді ҚХР Төрағасы.

Айта кетейік, кеше президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанға мемлекеттік сапармен келген ҚХР Төрағасы Си Цзиньпинді елорда әуежайында күтіп алды. Бүгін таңертең Ресей президенті Владимир Путин Астанаға келді.

ШЫҰ-ны 2001 жылы алты мемлекет — Қазақстан, Қытай, Ресей, Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстан құрған. Кейінірек бірлестікке Иран, Үндістан және Пәкістан елдері қосылды.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора
Qaz365.kz редакциясы

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Сенатор ШЫҰ саммитіне қатысты пікір білдірді
Кеше, 20:12

Сенатор ШЫҰ саммитіне қатысты пікір білдірді

Бүгін Астанада ШЫҰ саммиті өтті
Ол жаңа су үнемдеу технологияларын енгізу жөніндегі іс-қимыл жоспарын әзірлеуді ұсынды
Мұндай шешім Астанада өткен ШЫҰ саммитінде қабылданды

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →